Құттықтаймыз…. СҮЙІНШІ АҒАЙЫН !!! Қазақстанның киелі 100 нысаны жарияланды (Отпан тау видео)


ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында ұсынылған «Қазақстанның киелі орындарының географиясы» анықталды. ҚР Ұлттық музейі жанынан құрылған «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығы «Қазақстанның жалпыұлттық киелі орындары» жобасының 100 нысанының тізімін ұсынды.

Оған Қазақстанның табиғи ландшафт объектілері, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер, ерекше ардақ тұтатын діни нысандар және тарихи тұлғалардың және саяси оқиғалармен байланысты киелі орындары енген. Олар мынадай аталымдармен бөлінді: «Ерекше қорғалатын табиғи мұра ескерткіштері 9 орын,  «Археологиялық және архитектуралық ескерткіштер» бойынша 11 орын, «Ірі орта ғасырлық қалалық орталықтар және Қазақ хандығының астаналары»  санатымен 13 орын,  «Діни және ғибадат орындары» 32 орын, Тарихи тұлғаларға қатысты киелі 20 орын,  «Қазақстанның киелі орындарының географиясы»  15 орын.

Сөйтіп, ғылыми-сараптамалық кеңестің шешімімен жалпыұлттық маңызы бар қасиетті 100 нысан, жергілікті маңызы бар 500 нысан тізімінің жобасы анықталды.”Ерекше қорғалатын табиғи мұра ескеткіштері” санаты бойынша тізімге 9 орын-Ақмешіт Әулие биігі, “Хан  Тәңірі” шыңы, Мұзтау шыңы, Шарын каньоны,Қазығұрт тауы, Жамбақы тауындағы және Абай ауданындағы ” Қоңыр әулие  ” үңгірлері,” Бектау ата “тауы және үңгірі және Жылаған – ата тауы үңгірі ,” ОТПАН ТАУ” ТАРИХИ МӘДЕНИ КЕШЕНІ ЕНГІЗІЛДІ. СҮЙІНШІ АҒАЙЫН… !!!
Маңғыстау жері — киелі орындарға толы тарихи өлке. Ұлттық салт-дəстүрдің, нағыз қазаққа тəн ұлттық иман, əдеп, -ғұрыптың ордасы. Отпан тау тарихи-мәдени кешені бұл күнде бүкіл Қазақ халқының көзайым қуанышы. Кезінде Елбасымыз батасын берген «Отпан тау» тарихи-мəдени кешенінің «Ерекше қорғалатын жүз нысан» тізіміне кіруі, ұлттық құндылыққа айналуы баршамызға ортақ қуаныш! Бұл бүкіл қазақ халқының жəне маңғыстаулықтардың еңбегі. Ел бастаған азаматтар мен Елбасының жəне Тəуелсіздіктің жемісі. Маңғыстау облысының əкімі Ералы Тоғжановтың да құтты қадамы. Бұл — қазақтың белгілі ақыны Сабыр Адайдың таудай еңбегінің жемісі. Отпан тауды бөле-жара айтып жатқанымыз кеше маңғыстаулықтар осы сүйінші хабарды бірінші болып қуана хабарлады. Иә, барлығымыздың қуанышымыз құтты болсын!

Уа, халайық! Ел бірлігінің  туы берік, армандарымыз асқақ болсын! Еліміздің мерейі өсіп, ұлы бабаларымыздың рухы ризашылықта болсын!

“ЕлАна” қоғамдық-танымдық сайты

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған