Қазіргі оқулықтардың бәрін отқа жағу керек — Сәуле Әбілдаханқызы

12 жылдық бағдарламаға орай мектеп оқулықтары жаңартылған болатын. Кітаптың көлемі үлкен және оқулық түгел өзгерген. Бұрынғының ақын-жазушылардың орнына, қазіргі әншілер, жұлдыздар орын басқан. Мұндай орын ауысуға ата-аналар да, қоғам белсенділері де қарсы.

Белгілі журналист, қоғам белсендісі Сәуле Әбілдаханқызы оқулықтар жөнінде былай деп жазды:

«Қазіргі оқулықтардың бәрін отқа жағу керек, ал авторларына, сол оқулықты шығарған, бағдарламаға енгізген министрлікке жүз миллиондаған айыппұл салу керек. Көк тиындық құны жоқ оқулықтарды шығарғанға кеткен шығындарды төлеттіру керек.
Мұндай оқулықтар балалардың миын ашытып қана қоймай, ұрпақты топас мәңгүртке айналдырып болды…

Оқулық жазу да, оны басып шығару да белгілі бір топтың бизнесіне айналғалы қашан!! «Баланың есебінен байығанды, баланың білімі мен денсаулығынан ақша жасағанды, бюджет жымқырғанды қойыңдар!» деп жазудай-ақ жазып жүрміз. Әзірге нәтиже нөл. Бүкіл оқулықтарды (1-11 сынып) қайта жазып, бүкіл оқу бағдарламасын қайта бекіту керек. Әсіресе 1-4 сынып оқушыларының миын атала қылғандар — халық жаулары. Бастауыш сынып оқушылары стандарт форматтағы 3-4 кітаптан артық кітап арқаламауы керек.

Жалпы, оқу бағдарламасы ұлттық тәрбиеге, ұлттық құндылықтарға көбірек негізделуі керек.
Ұлттық мемлекет құру балабақшадан басталады!…».

«Мен немерелеріммен сабақ оқимын деп 3-рет гипертонический криз алдым обал балаларға да бізге де», «Ия 1- 4 сынып аралығындағы балдарға обал ! Сонша кітап арқалағандары аздай, түсініксіз білім алып жатыр ! Оңбаған Сағадиевтың жасап кеткені ғой», «Орыс тілінен аударған. Осылай қазақ тілін құрдымға ұшыратайын деп отыр ғой», деген оқырмандар тарапынан қолдау пікірлер толассыз жазылған.