ҚР Парламенті Сенатының спикері Дариға Назарбаева Павлодар облысына жұмыс сапарымен келді

Сенат спикерінің жұмыс сапары Павлодар облыстық және қалалық мәслихаттарының депутаттарымен кездесуден басталды. Кездесу барысында өңірлік заң шығарушы органдар мен ҚР Парламенті Сенатының қарым-қатынас мәселелері талқыланды. 

Дариға Назарбаеваның айтуынша өңірлік өзін-өзі басқару органдары  мемлекеттік басқару жүйесінде толыққанды буынға айналуы қажет. Кездесу барысында депутаттар Сенат төрағасына өңір дамуының өзекті мәселелері туралы баяндады. Олардың қатарында амбулаторлық медициналық көмек тарифтерінің өсуі, құрылыстың сапасы мен қауіпсіздігі, оқушыларды ыстық тамақпен қатмамасыз ету мәселелері де болды. Депутаттар өнеркәсіптік өндірістен зардап шегетін ауа атмосферасының ластану мәселелерін де тілге тиек етті.

Өз сөзінде Сенат басшысы табиғатты қорғау қызметін қаржылық қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталды. Дариға Назарбаева табиғатқа нұқсан келтіретін кәсіпорындар мардымсыз айыппұлдар төлеп құтылатынын және бұл жағдайды түзеу керектігін айтты. Жиналған қаржыны бөлу мәселесі бойынша да түйткілдер көп.

– Жиналған айыппұлдар қай бюджетке тиесілі? Кім бұл қаржыны жұмсайды? Осы мәселе бойынша үкіметпен ашық сөйлесу қажет. Облыста орналасқан кәсіпорындардың эмиссиясынан түскен қаражаттың басым бөлігі облыс бюджетінде қалып, табиғатты қорғау шараларына жұмсалуы тиіс, – деді Дариға Назарбаева.

С. Торайғыров атынадғы әмбебап ғылыми кітапханада Дариға Назарбаева қалалық және облыстық қоғаммдық кеңестердің мүшелерімен кездесті. Жиында қоғамдық кеңестердің жұмыс механизмдерін жетілдіру, сондай-ақ, билік пен тұрғындар арасындағы диалогтағы қоғамдастық өкілдерінің ролін күшейту мәселелері сөз болды.

Жұмыс сапары барысында Сенат спикері «Павлодар» арнайы экономикалық аймағындағы қоспалы алюминий өндірісі зауытына барды.  Дариға Назарбаева қоспалы алюминийден автомобиль дискілерін жасап шығаратын «Giessenhaus» ЖШС-ің өндірісімен танысты. Зауыт 2017 жылы іске қосылған болатын. Кәсіпорынның қуаттылығы жылына 5400 тонна өнімді құрайды.

 

Әлихан Рахметоллаұлы

Суреттер senate.parlam.kz сайтынан алынды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.