Қытай «Шығыс Түркістанды» жоққа шығарды

   ҚХР-дың мемлекеттік кеңесінің баспасөз қызметі 21-ші шілде күні «Шыңжаңның ішінара тарихи мәселелері» атты кітабы туралы мәлімдеме жасады. Шыңжаңның географиясынан бастап түсінік берілген бұл кітаптың негізгі айтар ойы-Шыңжаңдағы ұйғыр ұлтының тарихы, мәдениеті мен діни сенімдері туралы «басқаша» көзқарасты дәріптеген. «Қытай біртұтас көп ұлтты мемлекет, Шыңжаңдағы ұлттар қытай ұлы шаңырағының мүшелері. Шыңжаң б.э.д 202-220 жылдар аралығында өмір сүрген «Хань династиясы» заманынан бастап, Қытайға қарасты территория еді.

Алайда, ел іші-сыртындағы жау күштер, әсіресе ұлттық бөлшектеуші күштер, діни ұшқары күштер, террористер Қытайды бөлшектеу үшін тарихты қасақана бұрмалап, дұрыс пен бұрысты шатастырды. Шыңжаңның ежелден көп ұлт аралас қоныстанған, алуан түрлі мәдениеттер өзара тоғысқан, көптеген діндер қатар өмір сүрген объективті факттерін жоққа шығарды. Әулекі қиялға беріліп, Шыңжаңды «Шығыс Түркістан» деп атап, Шыңжаңды «дербес ел» етуді уағыздап, Шыңжаңдағы әр ұлттың халқы мен қытай ұлтының ұлы шаңырағын шайқалтып, әр ұлт мәдениеті бір тұлғаланған Қытайды бөлшектеп тастауға ұрынды. Тарихты өзгертуге, шындықты жоққа шығаруға болмайды. Шыңжаң- Қытайдың қасиетті териториясының айырылмас бір бөлігі. Ислам діні ұйғырлардың ежелгіден сенген әрі айнымай ұстанып келген діні емес. Ислам дінінің Шыңжаң өңіріне таралуы Араб империясының гүлденуіне орай, батыстан шығысқа қарай таралып келді. Ұйғырлардың исламды қабылдауы- дін үшін болған соғыстардан жеңіліс тапқаннан кейінгі жерде үстем таптардың зорлықпен таңуы нәтижесінде қалыптасты. Ұйғырлар тарихта өмір сүрген Түркілердің ұрпағы болып есептелмейді. Олардың ұлт ретінде қалыптасуындағы бастапқы құраушы халқы Суй, Таң династиялары (581-907) заманындағы «Хуэй хылардан» басталған. Кейін келе Тұрфан ойпатындағы қытай қатарлы әр түрлі ұлттармен араласа келіп қазіргі ұйғыр ұлтының негізін қалыптастырды. Сондықтан Шыңжаң ежелден «Шығыс Түркістан» аталған жоқ.

Соңғы жылдары Шыңжаңдағы саяси науқандардың күрделі әрі қатал атқарылуына байланысты Қытай саясатына сын айтушылардың қарасы көп. Бұл мәселе төңірегінде күллі дүние құлақтанып болды десек те болар еді. Шыңжаң автономиялы өлкесінде «қайталай тәрбиелеу орталықтары» жұмыс істей бастаған 2016-2017 жылдардан бері қарай, «ми жуу» жұмыстарының қарқынды жүргізіліп жатқандығы да ашық айтылып келе жатыр. Аталмыш орталықтардың тәрбиесінде болып келген адамдардың айтуына қарағанда, Шыңжаңдағы ұлттардың тарихы туралы «қатал лекциялар» оқылады екен. Соның ішінде мықтап дәріптеп жатқаны- ұйғырлардың ата-баба дінінің будда діні болғандығы баса дәріптелген. Осы айтылымдар ендігі жерде мемлекеттік маңызы бар саяси реңі басым «Шыңжаңның ішінара тарихи мәселелері» атты кітап  болып басылып шығыпты. Ресми құжатпен шегендеп жатқан бұл науқандардың соңғы нәтижесінің ассимиляциямен аяқталатынын болжау да қиын емес сияқты…

“Qazaqstan Dauiri” газетінен

Ерұлан Жансары

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.