Үйіме табыс пен байлық енсін десеңіз…

Бір әйел үйінен сыртқа шыға бергені сол екен, есігінің алдында отырған нұрлы жүзді қарияларды көреді. Олардың шаршап отырғандығын байқаған әйел сәлемдескен соң:
– Үйге кіріп тынығып алыңыздар. Шаршаған сияқтысыздар. Қонақ болыңыздар, – дейді.
Қариялар:
– Отағасы үйде ме? – деп сұрайды.
– Жоқ, әлі жұмыстан келген жоқ.
– Олай болса отағасы келсін, сосын кірерміз, – дейді қариялар.
Күйеуі жұмыстан оралған соң әйелі болған жайды баяндап береді.
Күйеуі:
– Қонақ – үйдің құты емес пе? Дереу шақырып кел, ас ішіп, әлденіп алсын, – дейді.
Қариялар әлі отыр екен. Әйел:
– Отағасы келді, үйге кірулеріңізді өтінемін, – дегенде қариялардың бірі:
– Біз үшеуміз бірге кірмейміз. Мына қарияның аты – Байлық, ал мына кісі – Табыс. Менің атым – Сүйіспеншілік. Біреуімізді таңда, – дейді.
Әйел ойланып тұрып:
– Ендеше, Сүйіспеншілік ата, жүріңіз, – деп үйіне кіргізбек болғанда үш қария да бірге үйге кіреді.
Дастархан басына отырып, жайғасқан соң Сүйіспеншілік күлімсіреп:
– Егер сендер Табысты немесе Байлықты шақырғандарыңда қалған екеуміз сыртта қалар едік. Алайда сендер бірінші мені шақырдыңдар. Ал мен қайда барсам да, Табыс пен Байлық міндетті түрде менімен бірге еріп жүреді, – депті.

 

Ihsan.kz

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған