Үкімет назарына! ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев мырзаға! Мемлекетімізге қара күйе жағушы А.Дағдуран қашанғы алшаң басады?

Бірнеше айдан бері, ҚТЛ-дегі (Білім және инновация лицейлері) ұстаздардың басына түскен қиын жағдайлары мені, мен сияқты аналарды, ұстаздарды инновациялық мектептің түлектерін, оқушыларын, қарапайым халықты қатты алаңдатқаны белгілі. Сол үшін де қолыма қалам алып, оны азаматтық борышым деп есептеп, мақалалар жаздым. Ол мақалаларым «Президент және халық» газетінде жарияланды. Ол газеттен бірнеше сайттар «Абай.кз», «Мегаполис», «Қазақ үні», «Қамшы.кз» , «Елана.кз» т.б. көшіріп жазып, орысша, түрікше аудармаларымен тіпті жақын-алыс шетелдерде таратылды. Жүздеген, мыңдаған оқырмандар өздерінің пікірлерін білдірді, әлі де жазып жатқандар көп. Сіздерге түсінікті болу үшін сол мақалалардың сілтемелерін беріп отырмын: («Аналардың зарына құлақ түр, ӘЛЕМ!»

http://elana.kz/6857415877-2/http://elana.kz/жазықсыз-жандар-саясат-құрбанына-айн/http://elana.kz/ел-жұртым-халқым-араша-болайық-ағай/)

Осы мақалаларды оқыған болуы керек, бір азамат телефонмен хабарласып, маған ризашылығын білдірді. Содан соң мақалада жазылған «Маариф» қорының растығына күмәнданбайтынын айтты. Іле-шала маған қазақшаға аударылған төбе шашың тік тұратын, ар-намысыңа, өтірік пен жалаға толы, араңдатуға жол ашатын мақаланы жіберді. Алдымен сол мақаланың қазақша аудармасын назарларыңызға ұсынбақпын.

2016 жылдың қыркүйегінде Анталья қаласында «15 шілдедегі жаңа Түркия» деген халықаралық конференция өткен. 13 мемлекеттен 100-ден аса қонақтар шақырылған. Қазақстанда 20 жылдан бері азаматтық қоғам жұмыстарымен айналысатын Түркі халықтарының мәдениеті қорының төрағасы, проф. док. Ахмет Дағдуран  сол жиында ФЕТО-ның қиянаттарын және сол қиянаттарға түрік бюрократиясының салғырт қарап отырғаны туралы «өткір ойларын» айтып-айтып тастаған.  Соның ішіндегі ең өзектісі мынау.

ФЕТО (Бізде болған ҚТЛ-ді бұрмалап айтып отыр. ФЕТО туралы төменде айтылады) Қазақстанда 15 жылдың ішінде 35 мектеп ашып, мұғалім кейпінде дайындап шығарған миссионерлер арқылы 500 мың адамды христиан дініне өткізді.

Сердар Арсевен / Анталья

Енді  Қазақстан-түркі халықтары мәдениеті қорының төрағасы, проф. док. Ахмет Дағдуран ФЕТО-ның жиіркенішті бейнесі туралы «Милат» сайтына берген сұхбатына қараңыздар.

«Түркия басшыларына ұзақ жылдардан бері «Фетһуллаһ Гүлен АҚШ-тың бір жобасы. Ислам әлемінің, Түркияның негізгі проблемасы. Бұны бір күні өздерің де көресіңдер, сақтаныңдар» деп талай айтқанын, алайда олардың тыңдамағанын білдірген Дағдуран ФЕТО-ның Қазақстандағы жұмыстары туралы былай деді:

«Қазақстан немесе басқа мемлекетте ФЕТО шындығын әшкерелесеңдер, ФЕТО-мен күрес жүргізсеңдер, жұмыстарың өте қиын деген сөз. Бұл біздің басымыздан өтті. Басқан газеттеріміз бен журналдарда 20 жыл бойы осы қиянатшыл ұйымға назар аудартумен болдық. Оны істейміз деп не көрмедік. Түрлі қиындықтарға душар болдық. Небір жала жабылды. Бізді Ұлттық қауіпсіздік қызметінің адамы, Түркиядағы құпия ұйымның адамы деді. Осылардың кедергі жасауымен Қазақстаннан көп жыл бойы жұмыс істеуге виза ала алмадық, елге кіріп-шығып жүріп ол мәселені шешуге тура келді. Журналдарымыз бен газеттерімізге жарнама бергендерді енді олай істемеңдер деп ескертіп, қорқытты. Бұлардың Қазақстанда 35 мектебі бар, осы жолмен олар Қазақстанда үлкен ықпалға ие. Бұлар ол жердегі адамдар үшін жұмыс орнын да, ақшаны да қамтамасыз етті. Осы игіліктерді көргісі келгендер олардың лас тірліктеріне араласты. Жаңа келген достар да пайда үшін бұлармен жұмыс істеді. Бұлар осы әдіспен жақындап, апталық жиындарына шақырды. Мектептерінде оқытқан балалар мен жастарға, мейлі өз ықпалдарында ұстаған басқа да адамдарымызға «АҚШ үгіттеуін» жүргізді, оларды сана тұрғысынан АҚШ адамы етіп шығару үшін барлық қолдан келгенді істеді. АҚШ-қа баруды, ағылшын тілін үйренуді идеал жағдайына жеткізді. Осыдан келіп христиандыққа үгіт-насихатқа ойысты. Қазақстанда соңғы 15 жылда 500 мың адам христиан болды. Осы жағдайда ең бірінші кінәлі, ол — ФЕТО» .

 Миссионерлікпен айналысты, миссионерлерді әкелді.

Дағдуран мырза мұнымен тоқтап қалмапты, кейінгі әрекеті тіпті сорақы.  ФЕТО-ның Қазақстандағы миссионерлік іс-әрекеттері туралы келесі жазбасы  былай өрбиді:

«Бұлар өте жүйелі жұмыс істеді. Қазақстанда мешіт, ислами білім беру мекемелері кемшін болуы себепті туындаған үлкен рухани кеңістікті исламмен толтырудың орнына христиандыққа үгіттеумен толтырды. Ол жақтағы балаларымызға, жастарымызға  «Сенуің жеткілікті, бір Аллаға сенуің сені жұмаққа жетелейді. Намаз оқуың, дәрет алуың, құлшылықпен көп айналысу қажет емес. Христиандық — жеңіл дін. Алланың бар екеніне сенуің жеткілікті. Әзірет Мұхаммедтің пайғамбар екеніне сенуге мәжбүр емессің» деп үйретті. Христиандыққа өткен жағдайда  АҚШ, Англия және басқа көптеген батыс елдеріне кең жол ашылатынын айтты. Мектептеріне жиі-жиі АҚШ-тан, Англиядан миссионерлер шақыртып, оқушыларды христиандыққа үгіттеді».

«Қазақстанда 35 ФЕТО мектебі бар»

«Түркия неге екенін, Қазақстандағы ФЕТО мектептерінің ықпалын азайтуға әрекет жасамай отыр» деген док. проф. Дағдуран былай деп сөзін жалғайды:

«Бұл жерде ФЕТО-ның 35 мектебі бар. Бұлар атын өзгертіп, жұмыстарын жалғастыруда. Бұл мектептерге өкініштісі жұрт қызығады. Білім мәселесінде басқа айтарлықтай балама жоқ. Ол жердің халқы балаларын осы мектептерге беруге жанын салады. Біз «Балаларыңды бұл мектептерден шығарып алыңдар» деп айтуымыз үшін оларға балама ұсынуымыз керек. Қазақстанда мемлекетіміздің бір бастауыш мектебі де жоқ. Біз Түркиядағы басшыларға бұл мәселені көп айттық. Біздің білім кеңесшісі арқылы көп әрекеттендік. Қазіргі уақытта жер іздеп жатыр деген хабар бар, бірақ бюрократиямыздың әрекеті тым баяу. Қазақстанда қазақ мектептері бар. Орыс мектептері бар. Бірақ білім беру әлсіз. Біздің түріктер балаларын беретін мектеп таба алмай, амалсыз ФЕТО мектептеріне береді».

«Құрметті президентіміз Тайып Ердоғанға айтарым: Құдай үшін Қазақстанда мектеп ашыңдар!»

 «Мен осы жерден үндеу тастағым келеді: Қазақстанда Түркия ашатын мектептерге үлкен қажеттілік бар. Үлкен сұраныс бар. Түркия ретінде біз ол жерде міндетті түрде мектептер ашуымыз керек. Тіпті «ФЕТО мектептеріне бала бермеңдер деу жеткіліксіз, соны істеу керек. Қазақстан жаңа мектептер ашуға мүмкіндік береді. Алайда біз неге екенін бюрократиялық кедергілермен аша алмаймыз. Жер бар, Қазақстанда жер арзан, мемлекет жер алуына болады, дайын мектепті жалдай алады, не қазақ мектебінің бірімен бірге жүргізе алады. Осы істі құрметті президентіміздің қолға алуы керек. Азаматтарымызға «ФЕТО мектептеріне бала бермеңдер» дегеннен гөрі «Міне, аштық, енді осыған беріңдер» деу керек. Түркия Қазақстан және басқа да мемлекеттердегі білім беру істеріне көбірек назар аударғаны дұрыс. Неге екенін, бұл жұмыстар өте оңай бола тұра тым баяу жүруде. Құрметті президент, ФЕТО-мен күрес мәселесінде нақты жұмыстар айтуда, бірақ ол тиісінше жүрмеуде. Неге екенін, әлі бірде-бір мектеп ол жерде аша алмадық, құрметті президентіміз Режеп Тайып Ердоғанға айтарым: Құдай үшін Қазақстанда мектеп ашыңдар!»

Дереккөзі: http://m.milatgazetesi.com/feto-500-bin-kisiyi-hiristiyan-yapti-haber-101980

Осы мақаланы оқығаннан кейін Тәуелсіз Қазақстан туралы конференцияға қатысқан шетел азаматтары қандай ойда болады?! Өңкей жалған өтірікпен арандатып, намысқа тиетін бұл мақаладағы өрескел, сорақы деректерді берген Түркия азаматы елімізде тайраңдап жүруі мені қатты ашындырды. Мұндай мақаланың тууына себепкер болған адамның айтқандарының шындыққа жанаспайтыны көзге бадырайып көрініп тұр. Оның ақпарат заманы дамыған кезеңде әлемге таралуы жантүршігерлік жағдай. Елімізге бүкіл білім жүйесіне қара күйе жағып, түк болмағандай Ахмет Дағдуран мырзаның Алматының ортасында алшаңдай басып жүруі жүрегіңді жылатады.

Енді мақаласын талдап көрелік:   «ФЕТО» 500 мың адамды христиан дініне өткізді деген не сөз? Бұл қайдан шықты?  Ол бұл мәліметті қайдан алды?

«ФЕТО» Қазақстанда 15 жылдың ішінде 35 мектеп ашып, мұғалім кейпінде дайындап шығарған миссионерлер арқылы 500 мың адамды христиан дініне өткізді» дегенде Ахмет мырза қандай нақты фактіге жүгініп отыр? Осыншама қиянатшыл болар ма?

Алдымен «ФЕТО» деген не сөз? Оны да ашып айта кетейік.  Ол «Фетхуллаһ Гүленнің террорлық ұйымы» деген мағынаны білдіреді екен. Мұны ойлап тапқан кім? Неге сүйенді? Біз түсінбедік. Мейлі кім ойлап тапса да, жантүршігерлік атау ғой бұл. Ахмет мырзаның 35 мектеп деп отырғаны, ҚТЛ-ны меңзегені екені түсінікті.

Осыны оқып отырып, – Ау, Ахмет мырза, өзің айтып отырған ФЕТО –ны 15 жылдың ішінде  500 мың түгілі,  40 мың бала бітірген жоқ. Сен бұл мәліметті қайдан алдың? Егер сен шын мұсылман болсаң, ислам қағидаттарын терең ұстансаң, қандастарыңа қандай жалған жала жауып отырғаныңды сезер едің? Осы сөзің үшін өкінер едің!…

Бұл Ахмет мырзаның  бірінші жаласы!

Екінші жаласы Христиан діні туралы дақпырты.

Құрметті Ахмет мырза, Христиан діні деген ҚТЛ-дың маңынан жүрген емес. Ондай бассыздыққа Қазақстан ҰҚК – сы жол беріп қарап отырды дегенге кім сенер? Дамуға бет алған қазақ билігі – бауырлас түрік еліне қандас деп қарағанымен, олардың оқу бағдарламалары мен ұстанымдарын терең бақылауда ұстағанын есіңізге саламыз. Сосын осы жылдар аралығында ешбір ата-ана ҚТЛ-дің үстінен дінге қатысты (барлық дінге ортақ) бір шағым-арыз түсірмеген  екен. Керек десеңіз, ҚТЛ ұстаздары өзіміздің Ислам діні туралы шәкірттеріне бір ауыз уағыз айтпаған және айтуға тиісті де емес.

Сондай-ақ ҰҚК немесе басқа заң орындары  ҚТЛ туралы  («Түрлі қиындықтарға тап болдық. Небір жала жабылды…») деп түрік ұстаздарын қуғындағанын, жала жапқанын естіген жоқпыз.

Біле білген адамға Ахмет мырзаның бұл жазбасы,  біздің еліміздің заң орындарына, қадағалаушы органдарына  жала жауып отыр! Оны өзінің білмей отырғаны қандай өкінішті.  Және де ҚТЛ-ға «АҚШ үгіттеуін жүргізді. АҚШ адамы етіп шығару үшін барлық қолдан келгенді істеді…» дегені  шектен шықандық емей немене. Бұдан асқан жала бола ма?! Егер бұл жазбаға сенсек, біздің елімізде бүгінгі таңда АҚШ тыңшылары өріп жүр…

«Миссионерлікпен айналысты, миссионерлерді әкелді» деп әрі қарай жаққан күйең, Ахмет Дағдуран мырза, ешқандай адамшылыққа жатпайтын әрекет.  Тура айтсақ – қиянат! Қалай ғана осындай өтірік, жала жабуға дәтің барды? Өз жұмыстарын адал, пәк күйде атқарған, сөйтіп қара домалақтарымызға тамаша терең білім, адами тәрбие берген, солар арқылы Қазақстанды әлемге танытқан еңбекқор, қарапайым, момын өз бауырларыңның, түрік бауырларымыздың беттеріне сен қазір қалай қарап жүрсің, Ахмет мырза? Қазақтың қасиетті топырағы сендей өтірікшіні, жалғаншыны қалай көтеріп жүр, мен соған таң қаламын.

«Қазақстанда қазақ мектептері бар. Орыс мектептері бар. Бірақ білім беру әлсіз. Біздің түріктер балаларын беретін мектеп таба алмай, амалсыз ФЕТО мектептеріне береді. Қазақстанда білім саласы нашар, «біз көмектесейік» – дегенің Ахмет Дағдуран мырза, қай сасқаның? Қазақтың суын ішіп, ауасын жұтып отырып осы сөз аузыңнан қалай шықты? Мұндай оғаш сөздермен, біздің Қазақстан білім жүйесіне қара күйе жағуға, сізді кім мәжбүрледі?  Өзіңіз су ішкен құдыққа өзіңіз түкіріп сізді не қара басты?

Рас, осындай кемсітіп айтқан сөздеріңе, жалаларыңа көніп жүрген біз момын, сабырлы халықпыз. Әйтпесе басқа мемлекеттерде мұндай өрескел жалаларды айтқан адамды соттап, есекке теріс мінгізіп жіберер еді. Әйтпесе, айналайын-ау, ҚТЛ-ны айтпағанда, біздің тамаша мектептерімізді бітірген небір ұлы ғалымдарымыз, қоғам қайраткерлері мен сенатор  азаматтарымыз бар. Оның ішінде бүкіл әлемге әйгілі Елбасымыз Н.Назарбаев та өзіңіз түкке тұрғысыз етіп тастаған қазақ мектебін бітірген.

«Құрметті президентіміз Тайып Ердоғанға  айтарым: Құдай үшін Қазақстанда мектеп ашыңыз!» деген бұйрыққа пара пар сөзіңіз не Ахмет мырза? Ол сізге президент болғанымен, бізге басшы емес.  Біз тәуелсіз елміз,  мұндай мәселені өзіміз шешеміз. Сырттан біреу айтты екен деп, әппай тақсыр дейтін кезеңнен өтіп кеткенбіз.  Соны есіңізден шығармаңызшы? Сосын біз ондай мектепке зәру емеспіз шындығына келсек.

. Бізде әлемдік инновациялық, зияткерлік мектептер бар (Зерде, Дарын, т. б) сондықтан Ахмет мырзаға есеп беріп ақталудың қажеті  шамалы.. Көзі қарақты оқырман мына мақаладан өз елінде ойран салып, басқа елдердегі еңбегі әлемге танымыл болған өз бауырларының берекесін алып, олардың ашқан мектебін жауып орнына мектеп ашса  қандай болатынын пайымдаса болғаны.

Менің Ахмет мырзаға айтарым:  Егер мектеп ашқыш болсаңдар, оларды өз елдеріңде ашыңдар. Біздің елде не шатақтарың бар. Ахмет мырзаның мақаласын оқып отырып мынадай ойға келдім. Білім саласындағы осы азаматтың мақаласы жанымды түршіктірді!    Біздің елдегі  мұғалім түрік ағайындардың обалы кімге екені енді белгілі болды..! Оларға жасалып жатқан «шабуылдың» бірі осы мақала екені даусыз. Амалдың жоқтығынан қолыма қалам алдым. Өз бағасын ширек ғасыр ішінде алып, әлемге әйгілі болған мектептерді осынша даттауы, ол аз десеңіз елімізді бейшара етіп көрсетуі көп нәрсені аңғартпай ма? Сөзім дәлелсіз болмасын деген ниетпен мақалама, жоғарыдағы  Ахмет мырзаның жазған мақаласының сілтемелерін қойдым. Оқыған адам ақ пен қараны, жала мен даттауды өзі-ақ  ажыратып алар…

Мен ұстазбым, анамын, адаммын, сондықтан бұрынғы ҚТЛ –ға қара күйе жағылып жатқанда шыдап отыра алмадым. Жалғандықты көріп тұрып үндемей қалу арға сын. Адамшылықтан аттап, ар мен ұятты жиып қойып, боқ дүние үшін, сауап пен әділдікті белден басу мұсылман баласына жат қылық емес пе еді? Біз қайда барамыз осы?! Ахмет мырза, сенің не ойлағаның бар?

RS.

Жалпы қазақта «Жаман үйді қонағы билейді» деген мақал бар. Менің ойымша, Ахмет Дағдуран секілділер қазақтың нанына тойып алып, елімізге өздерінше үстемдік жасамақшы. Ахмет мырза егер қай жерде тайраңдап жүргенін білмей, аузына келгенін көкіп жүрсе, оны тәубесіне түсіру керек деп ойлаймын. Әнеубір кездері Түркияның Қазақстандағы елшісі ҚТЛ жайлы өрескел, тәйтік пікірін айтып жіберген. Қалың ел шулап, ол әңгіме біздің билікке жеткен соң ғана барып райынан қайтып, «аудармадан қате кетіпті, байқамай қалыппыз» деп, кешірім де сұрамай, сүйкей салды айта салды. Сондай жауапты орында отырып, сондай жауапсыз сөз айтуға болмайтынын ол қалай ғана байқамай қалды екен? «Айтылған сөз — атылған оқ» демекші, олардың байқап-байқап, шаңыраққа қарап сөйлегенін қалар едім. Біз елімізге адал жұмыс істеп жүргендерді шеттеткенше, осындай арандатушы Ахмет Дағдуран сияқтыларды өз орнына қойып, тыныш жүруді талап етуіміз керек! Тіпті елден аластатып, өзгеге сес көрсетіп қойсақ та артықтық етпес еді.  Өйткені мұндай «мырзалар» күні ертең Қазақстан туралы да оспадар ойлар айтып жалт беруі бек мүмкін. Өзін аямаған, өзгенің бетін даладай қылады деген бекер айтылмаған сөз. Сондықтан дәлелсіз сөз айтуға шебер адамнан бәрін күтуге болады.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Мешітбайқызы

15 thoughts on “Үкімет назарына! ҚР Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев мырзаға! Мемлекетімізге қара күйе жағушы А.Дағдуран қашанғы алшаң басады?

  • 08.09.2017 at 12:16
    Permalink

    Мынау масқара ғой. Біздің билік бұған қалай шыдап отыр. Өздеріне күйе жағып отырған Ахмет жындыны бұдан ары Қазақстанда жүргізу намыссыздық. Оның жазғандары түгелімен өтірік қой. Қаралаудың бұдан асқан түрі бар ма? Қайда қазақ намысың? Қайда ұлттық рух. Ердоғанның жандайшаптары бәрін жиып қойып енді біздің өзімізге шабуылдай бастады ма? Бұған тоқтам бола ма? Халқым-ау не дейсіңдер?! Сәуле ханым сізге рахмет, шындықты айтқаныңыз үшін…

    Reply
  • 08.09.2017 at 17:32
    Permalink

    Мақала өте өзекті. жазылған. Осыны енді мұқият оқитын, тыңдайтын құлақ болса шіркін! Қайран қазағым-ай, бұдан асқан қорлық бар ма? Елімізге білім нәрін сеуіп, балаларымызды биік белеске көтерген Түрік ұстаздарын шеттетіп, мына секілді жағымпаздарды көтеру ұят іс. Осы мақаланы билік басында отырған бір ұлтжанды азамат оқып, бойында қаны тасып, бір шешім шығаруға атсалысар күн туса екен!…

    Reply
  • 08.09.2017 at 18:51
    Permalink

    500 мың христиан деген өте ауыр жала. Бұны тағы шетел азаматы айтады. Тағы өзі Қазақстанда тұрады. Неге Үкімет, құзырлы органдар үнсіз?

    Reply
  • 08.09.2017 at 18:55
    Permalink

    Мәселе өте орынды көтерілген. Бүгінгі түрік билігі өз халқына озбырлық танытып отыр. 17 мың әйел деген сұмдық қой. Оларды тағы жаңа туған сәбилерімен қамап ұстау деген геноцид қой. Мьянмаға көмектескені дұрыс қой, бірақ өз халқына озбырлық көрсеткені әсте дұрыс емес

    Reply
  • 09.09.2017 at 13:25
    Permalink

    Қос туысқан елдің арасына іріткі салып, қай-қайдағы бір жалған деректерді ойлап табатын, сөйтіп жала жабатын мұндай адамдарды бірден тек аластау ғана емес, оларды соттау керек. Қазақстанның нанын жеп, тойып, кекіріп, байып алған соң достығымызға, ынтымақ-бірлігімізге ши жүгіртіп, содан пайда табатын арсыз адамдардың бұл әрекеті террористердің әрекеттерінен жаман әрі зиянды. Дағдуран осы зұлым әрекеті, жаласы арқылы біздің елімізде адал, таза кәсіп етіп, көп пайда әкеліп жүрген өзінің түрік бауырларының ту сыртынан оқ жаудырып, бомба тастап отыр. Осындай сатқындардан тазартпайынша еліміз өркендей алмайды. Сондықтан тиісті орындар мұны елеусіз қалдырмай, дереу қолға алып, жазаламаса болмайды.

    Reply
  • 09.09.2017 at 15:06
    Permalink

    Сəуле апай мақаласы қашанда ерекше. Жүрегімен жанайқайын жеткізіп шырылдап жазғанымен қоймай көз алдыңа бүкіл фактілерді келтіреді. Мен бұрында оқып едім сілтеме қойған мақалаларын енді жинақтап тағы оқыдым. Мына Ахмет мырза итаршы айдап салып отыр. Көксегені Мариф мектебі. Бұлар кəдімгідей жұмыс жасады, КТЛ ұстаздарының тоз тозын шығарды. Оған бəріміз куəміз. Отбасыларымен қоса бала шағалары босқын болып қаңғырып кетті. Масқара! Менің екі балам осы мектептерді бітірген, қазір осының арқасында нанын тауып жүр. Балалы шағалы ұстаздарына жаны ашығанымен қолдан ештеме келмейді. Сәуле апаның жазған хаттары жетпейді-ау. Бұның бір шешімі бола мекен? Көзі қарақты адам мына мақаланы оқып бей-жай қала алмайтын шығар. Не істеу керек Аллам-ай!!!

    Reply
  • 09.09.2017 at 15:41
    Permalink

    Ойпыр-май, мынадай сөздерді айтып мемлекетімізге күйе жаққан шынымен өзінің діттеген мақсатын жасап ақырындап дегенінде жетіп өз бакырыларына ор қазып бізге” жаны ашыған болып текеметті тіліп отыр ғой “.. ия, билік қайда қарайды осы! ” Ойнап айтса да” біраз жерге барыпты ғой. Біздің елде тайраңдап жүруі осы істі мықтап қолға алған ғой. Онысына біз байқұс куə болып отырамыз.Оларды елден биліктен кешірім сұратып, қайтып келмейтіндей елден аластау керек.
    Біраз жерде кесірі тиді. Обал сауабы осыған, ары қарай жапырағын жайғызбау керек! НЕДЕГЕН СҰМДЫҚ БІЗДІҢ ЕЛДІ БЕЙШАРА ЕТІП!

    Reply
  • 09.09.2017 at 16:54
    Permalink

    Естімеген елде көп деген осы. Ахмет мырзаның айтқанына сенсек, біздің елде америка тыңшылары толып жүр екен ғой. Оу, ағайын сақ болайық. Билік тізгінін ұстағандар неге үнсіз? Мынадан кейін тірілмесек, өләкен не айырмашылығымыз бар?!

    Reply
  • 09.09.2017 at 18:35
    Permalink

    Ахмет мырзаға айтқызып отырған топ емес үлкен ұйым бар, Түркияда бейбіт күнде өз елінде өз елін қамап қудалап жатқаны белгілі. Бəрі көзге көрініп тұр, оқып отырмыз мына заманда ақпаратты біліп отырамыз. Мына шалға да айтқызып, енді білімнің берекесін алып отыр. Билік ҰҚК осы шалдың артында кім тұрғанын да біледі. Мүмкін емес білмеуі, билік солқылдатып отыр, соған түсінбейміз шіркін-ай, Қырғызстан құрлы өз оймызды айтып араша бола алмағанымыз жүрекке батады! Автор апаның жүрегі қалай шыдағанын білмеймін, жүрегінен жарып шыққан мақалаларын оқып, сілтемедегісін де жүрегім иіліп тілім болды-ау, апа! АЛЛА КҮШ ҚУАТ БЕРСІН СІЗДЕЙ АНАСЫ БАР ЕЛ БАҚЫТТЫ, ЗАР МҰҢЫН БИЛІККЕ ЖЕТСІН! ҚАШАН ДА ҚАЗАҚТЫҢ СІЗДЕЙ АНАЛАРЫ АЙТАТЫНЫН АЙТҚАН, ТАРИХТАН БЕЛГІЛІ ҚАТАРЫҢЫЗ КӨБЕЙІП ТЫҢДАУШЫҢЫЗҒА ЖЕТСІН ЖАҚСЫЛЫҚ АЛЛДАН!!!

    Reply
  • 09.09.2017 at 18:37
    Permalink

    Дұрыс айтасыз, біздің елде жайғасып алғаны бұл Ахмет шалдың қолдаушысы осы елде жалпағынан басып байығандар! Бәрі біледі, Турцияға елді жіберіп басын қатырып жүргендер де солар..

    Reply
  • 10.09.2017 at 01:43
    Permalink

    “Құдайсыз адам имансыз,
    Имансыз болсаң, сол жаман” деп Бөлтірік шешен бекер айтпаған екен.
    Ал Төле би данамыз: “Бүлінген елде дау болар, Даудың түбі жау болар, Жаудың түбі шаң болар” деп қалай тауып айтқан? Батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының: “Басыңа күн туғанда он екіден айырылма” деген қанатты сөздерінен келтірсек:
    -Не шындық. Не сұмдық. Жау тисе де ақылыңнан айырылма;
    -Еркесіз ел, серкесіз отар болмас. Ел бастаушы көсеміңнен айырылма;
    -Тіл – кесілмес атқан оқ. Дау туылар, шешеніңнен айырылма;
    -Арсыз мың арықтап, мың семіреді. Жаныңды алса да, сыртыңнан айырылма” дегені рас-ау! Мына аузына ақ ит кіріп, көк ит шыққан “қонақты” есекке теріс мінгізіп елден қуу керек!
    Саққұлақ би бабамыздың:
    “Адамның басшысы – ақыл.
    Жетекшісі – талап.
    Шолғыншысы – ой.
    Жолдасы – кәсіп.
    Қорғаны – сабыр.
    Қорғаушысы – мінез” деген қанатты сөздеріне сай Сәуле апайымыз да тастай етіп жанайқайын жеткізген екен. Бұл расында үкіметтегі көкелеріміздің құлағына жетіп, бір нәтижесі шығады деген ойдамын.

    Reply
  • 10.09.2017 at 02:07
    Permalink

    “Адам баласы жоқшылықта емес, тоқшылықта азады” деген рас-ау. Мына Ахмет Дағдуран дегенің Қазақстанға келіп, сый-құрметті көтере алмаған екен. “Сиыр сипағанды, жаман сыйлағанды білмейді” деп аталарымыз бекер айтпаған ғой. Біздің заң орындары аузына келгенін айтқан пиғылы арам бүлікшіні Алматының қақ төрінде неге алшаң басқызып жүргізіп қояды? Еңсесін енді тіктеген Қазақ елінің, енді ғана басы біріккен Түркі әлемінің тұтастығына сызат түсіретін ол қандай дөкей?! Бұлар неге соншылықты қазақ-түрік лицейлерімен алысып-жұлысып қалды? Расымен де Дағдуран айтқан “ФЕТО-ны” 15 жылдың ішінде 500 мың түгілі, 50 мың бала бітірген емес. Айналайын-ау, тәуелсіздік алғаннан бері шәкірт оқытып, қаншама халықаралық, әлемдік жарыстарда топ жарып, оқушылары ҰБТ-ны үздік тапсырып келе жатқан ҚТЛ түлектерінің басқа дін, ағымдарға еріп кетті дегенін естімеппіз.
    Дағдуран өзге елдің азаматы, ал оның Түркия президентіне “Неге екенін, әлі бірде-бір мектеп ол жерде аша алмадық, құрметті президентіміз Режеп Тайып Ердоғанға айтарым: Құдай үшін Қазақстанда мектеп ашыңдар!» деуі шектен шыққандық! Бұлар сонда ойына келгенін істеп жүре береміз деген сөзі ме екен? Тәйт!
    Ахмет Дағдуран (мырза деп айтуға аузым бармайды), біздің өз еліміз, өз жеріміз, өз президентіміздің бары есіңізде болсын!
    Сәуле апай, мына мақала расымен ойлантарлық мәселе екен. Қазақ “жау жоқ деме, жар астында” дейді. Бұларға да “мың асқанға бір тосқан” болады. Бұған құзырлы органдар араласып, мынандай бүлікшілерге тоқтау салады деп сенемін. Мәселені дер кезінде көтерген екенсіз. Бұның алдында да талай жанайқайды көтердіңіз, үкіметтік деңгейде өз шешімдерін тауып келді. Енді бұған да бір нүкте қойылар деген сенімім бар.

    Reply
  • 13.09.2017 at 13:08
    Permalink

    Болды түріктер өз проблемасын өздері шешсін, бізді араластырмай

    Reply
  • 13.09.2017 at 20:19
    Permalink

    Мен таң қаламын. Неге осы мәселе қайта қайта қозғала береді. ҚТЛ деген атау ба қалған жоқ, “Білім-инновация” лицейлері. Оқу-тәрбие жағдайын 25 жылдық тарихында ең аз 30 рет тексерді. Күмән келтірер денеңе таппады. Ел басының өзі проблема жоқ деп отыр. Қарапайым ғана орта мектепті осыншама жыл тексерісімен, жапқан жала әңгімесімен, өсектерімен ата-ана, мұғалім мен балаларды “стресс” ішінде, саяси “жем” ретінде қолданғанды тоқтатар елде есті жан бар ма екен. Менің ол жердегі мұғалімдердің мықтылығына көзім жетіп отыр. Өйткені осыншама жылғы бітпейтін жала, қиқу әңгіменің арасында аянбастанн елдің білім саласына елеулі үлес қосып келеді. Әлемдік додаларда да осы мектептердің балалары Еліміздің туын желбіретіп жүргендер.
    Қазақта бір ұғым бар ғой, “біреуді жылата отыра өз бақытыңды құра алмайсың” мағынасында. Сондықтан жетістігі бар екен деп қызғанып, сұлады екен деп теуіп қалмай, демеп, қолдау көрсетер уақыт әлде қашан жетпеді ме? Еркіне қалдырып білім саласында одан әрі самғауына, еліміздің білімін көтеруіне ықпал етуіне қолдау көрстер, қолпаштап қол соғар уақыт жетпеді ме?!

    Reply
  • 14.09.2017 at 16:48
    Permalink

    Нұрхан ана
    14.09.2017 at 16:35
    Режеп Тайып Ердоған Мьянми мұсылмандарын қорғайтынын айтты.
    Дәл осы кездерде өз еліндегі саяси алаңдағы жағдай қалай болып жатыр ?
    Мьянми мұсылмандарын құтқарушы Режеп Тайып Ердоған Түркия мұсылмандарын , әлемнің түкпір түкпірінде ағартушылық саласында ұстаздық қызметтерін абыроймен орындап жүрген қарапайым мұғалімдерді қудалауды мықтап қолына алғаны, өз елінде Білім және ғылым Министрлігінде 15 мың 200 адам жұмыстарын тоқтатуға бұйрық алғаны. ал жекеменшік ұйымдарда 21 мың мұғалім қызметтік лицензияларынан айрғанын әлем ақпарат құралдары ашық айтып отыр. Парадокс !
    Шынынайту керек, дәл бүгін жүргізіп жатқан саясаты, билік құмарлығы, өзінен басқаны адам санамауы, билеуші таптың монополиясын орнату саясаты жалғаса берсе, Түркия заман көшінен 20-30 жылға кешігіп қалуы ғажап емес. Ол болашақта жаңа төңкеріске, бүгінгідей ол жасанды немесе күмәнді емес, шынмәніндегі үлкен төңкеріске апаруы мүмкін»дейді қазақ саясаткері Айдос Сарым.
    Өз елінің берекесін алған мемлекет басшысының , басқа елдерге де барып ол елдердегі ұстаздық қызмет атқарып жүрген , білім саласындағы алдыңғы сапта тұрған ұстаз еңбектерін жоққа шығарып, оларға күйе жағу арқылы сүттей ұйып отырған тыныштығын, берекесін алу саясатына баға берген саясаткер Айдос Сарымның берген бағасына қосыламын. Әлеуметтік желі арқылы көптеген сайттарда қызу талқылауға түскен Ердоғанның “жаппай қудалау” саясатына тойтарыс беретін уақыт жетті, ағайын !
    Еліміздегі Білім және инновация лицейлеріндегі түрік мұғалімдерінің визаларын тоқтатып, ары қарай созбай, елден кетуіне “жағдай жасап ” жатқанын көріп, естіп-біліп тұрып үнсіз қалу біздің Үкіметтің шарасыздығы ма , әлде Ердоған билігін бізге жүргізе бастағаны ма ? Ахмет Дағдуранды “АЙТАҚТАП” қойып мемлекетімізге ҚАРА КҮЙЕ жағып өскелең жас ұрпақтарымыздың – лицей түлектерінің , олардың жақындарының көңілдеріне қаяу салып отырғанына не айтуға болады ?!!!

    Reply

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған