Ұлттық музей байқау жариялайды!

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі Қазақстан халқы тарихындағы маңызды оқиғаларды бейнелеген кескіндемелік және графикалық сурет, мүсін, инсталляция сынды заманауи бейнелеу өнері туындыларының эскиздерін жасауға байқау жариялайды.

Байқаудың мақсаты Ұлы Дала еліндегі маңызды тарихи оқиғалар мен көрнекті тұлғалардың көркем бейнесін нақты көрсету. Сол арқылы тарих қойнауындағы шежіреден сыр суыртпақтау.  Жастарды отан сүйгіштікке тәрбиелеп, қазақстандықтардың назарын ел тарихына аудару.

Байқауға қатысуға арнайы орта білімді және жоғары білімді суретшілер шақырылады.  Эскиздерде келесі ұсынылған тақырыптар бейнеленуі тиіс: «Ұлы даланың ежелгі қалалары», «Қазақтардың дүниежүзілік құрылтайы», «Түрік жазуы», «ХХ-ғасырдың басындағы ұлт зиялылары», «Астана – Тәуелсіз Қазақстанның нышаны».

Жоғарыдағы аталымдар бойынша 3 жеңімпазға жүлде тағайындалып отыр. Жүлде қоры – 1 000000 (бір миллион) теңге.

Байқау туралы толық ақпаратты Ұлттық музейдің www.nationalmuseum.kz. сайтынан алуға болады.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған