Ұлын кәсіпкер еткен маскүнем әке

Ағайынды екі жігіт болады. Бірі бұзақы, сотқар болып өседі. Екіншісі елге сыйлы кәсіпкер, туралықтан таймайтын, өте жақсы жігіт болады. Қылмысы үшін темір торға тоғытылып жатқанда бірінші жігіттен:
– Сіздің осылайша қылмыскер болуыңызға не себеп болды? – деп сұрайды.
Ол:
– Мен бала кезімде қатты қиналдым. Әкем маскүнем болатын. Анамды, мені ұратын. Осындай болмағанда енді кім болам? – деп жауап береді.
Арада біраз уақыт өткенде бір кісі әлгі қылмыскердің інісі, атақты кәсіпкерге:
– Сіз өз жетістіктеріңізбен елге танымалсыз. Осы күніңізге жетуіңізге не себеп болды? – деп сұрақ қояды.
– Мен бала кезімде қатты қиналдым. Әкем маскүнем болатын. Анамды, мені ұратын….- дейді.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған