Әзәзіл (Шерхан Мұртаза)

Арақты о басында адамдар дәрі ретінде ойлап тапқан екен. Шипа болған соң, оны бір-бір тамшыдан ғана пайдаланған.
Бара-бара, келе-келе, әсіресе ормандағы халық арақты рүмкемен, стаканмен ішетін болған.
Ал арақпен ауызданбаған, қымыздан артық қызулы сусын ішпеген біздің халық кейін-кейін, әсіресе екінші дүниежүзілік соғыстан кейін араққа бой алдырғаны сонша, арақты «атасының асындай» көретіндерден озып кетіп, шіркінді кесесімен ішетінді шығарған жоқ па?!
Ата-баба қанында болмаған зәһарға бой алдырғандар ажалынан бұрын баудай түсіп жатты. Көз алдымызда қаншама боздақтар, қаншама таланттар өкпе-бауырлары іріп-шіріп өлді. Олардан туған ұрпақ шалажансар мүгедектер.
«Өмір деген өмірбойы әзәзілмен арпалыс» деген екен бір данышпан. Әзәзілдің ең үлкені — арақ! Бір кем дүние.

Шерхан Мұртаза

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.