Әйгілі «Ла Скала» театры Астанада өнер көрсетеді

Астанада биыл 1-10 қыркүйек аралығында тұңғыш рет миландық әйгілі «Ла Скала» театры толық құрамда өнер көрсетеді. Бұл туралы бүгін еліміздің Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова «Ла Скала» театрының бас директоры Александр Перейрамен кездесу барысында мәлімдеді. Тараптар опера және балет өнері саласындағы ынтымақтастықты дамыту мен тәжірибе алмасу тетіктерін талқылады. Бұл ретте Мемлекеттік хатшы Елбасының Қазақстанды әлем қара алтынымен ғана емес, мәдени жетістіктерімен де тануы тиіс деген тапсырмасы аясында бірқатар жұмыс жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған