Әкесі ұлына мына сөздерді айтсын!

  1. Адамдармен амандасқанда, бетпе-бет сөйлескенде, көзіне тік қара. Қолын алғанда, сенімді бол.
  2. Ата-анаңды сыйла.
  3. Қызметіңе жауапкершілікпен қара. Есіңде болсын: әлемдегі барлық жұмыс маңызды. Біреудің лауазымы сенен төмен болса, сөзбен тілме.
  4. Алдыңдағы істі өзіңнің жасай алатыныңды білсең, өзгені мазалама. Мұнымен көп нәрсеге қол жеткізесің.
  5. Бауырмал бол. Қолыңнан келгенше, адамдарға көмектес.
  6. Нәзік жандыларды және олардың таңдауын сыйла. Ішінде біреуі жарың болуы мүмкін.
  7. Айтарын айтып, өзің басқа тірлік жасап жүрген жарамайды.
  8. Салмақты бол. Ер бол.
  9. Ер адам тұлғасына мән беруі тиіс. Сырадан пайда болған қарын ешкімге әдемілік сыйлаған емес.
  10. Үнемі ақылыңды толықтыр.
  11. Заң қызметкерлерінен қашпа. Әсіресе, полиция қызметкерлерінің шенін жатқа біліп жүр. Есіңде болсын: бір жолақ – кіші офицерлік құрам, ал екеу болса, аға офицер.
  12. Киім кию мәдениетін сақта: шалбардың ұзындығы өкшенің ортасынан аспауы тиіс. Пенжактың жеңі жейденің манжетін жаппауы керек. Галстук белдікке дейін түсіп тұрғаны жөн. Аяғыңа киген шұлығың отырған кезде балтырыңды жауып тұруы керек. Белдікті аяқ киімнің түсіне қарай таңда.
  13. Егер жекпе-жектен қашу мүмкін болмаса, бірінші болып ұр және бар күшіңмен, жеңгенге дейін. Жай жұдырық қарсыласыңа сенің әлсіздігіңнен хабар беретін болады.
  14. Жекпе-жек кезінде өз күшіңді бақыла. Ашулы болу ессіз болу деген сөз емес. Аяқ астынан біреуді жазым етуің мүмкін екендігіңді ескер.
  15. Нәзік жандыларға ешқашан және мүлде қол көтеруге болмайды.
  16. Жалқаулығыңды өзің тый. Адамзат тарихында ешкім еріншектікпен жетістікке жеткен емес.
  17. Сенің жаныңда қыз бала өзін жайлы сезінуі тиіс.
  18. Отбасыны қамтамасыз ететін ер адам. Бұл – оның міндеті.
  19. Біреуге қарыз берсең, ойланып бер. Ол ақшаны бергеніңе кейін өкініп жүрме.
  20. Ең болмаса, бір салада шебер бол. «Мен мынаны жасай аламын» дейтін тірлігің болсын.
  21. Ешқашан шағым айтпа. Мұнымен мәселең шешіліп кетпейді.
  22. Нәтиже беретін іспен шұғылдан. Есіңде болсын, уақыт бағалы. Уақыт шығынына душар болмаған дұрыс.
  23. Әйелдерді түсінуге талпынба. Олар бізден ерек ойланады.
  24. Мылжыңдық ердің сәнін бұзады.
  25. Дымым жоқ деген күннің өзінде қорың болуы тиіс.
  26. Үй тірлігіне қабілетті бол. Ешкімнің көмегінсіз-ақ бар істі тындыруға тырыс.
  27. «Еркектер ешқашан жыламайды» деген қағиданы бұзба!
  28. Тал ек, мал бақ. Бір кезек осы істі жасап көр.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған