ӘКЕ ЕСТЕЛІГІ

Ұлымның ең жақсы көретін ойыншығы құрастырылмақ болатын. Ол бөлшектермен әртүрлі нәрселерді құрастырғанды ұнататын. Қолым тиген кезде мен де қасына отырып бірге ойнайтынмын. Тағы қандай нәрселер жасауға болатынын үйретуге тырысатынмын. Екеуміз бірге отырып ат, түйе, ракета, робот, т.б. нәрселерді құрастыратынбыз. Бір күні осылай ойынның қызығына беріліп отырған сәтте ұлым:
– Әке, мен сізден де ең қатты нені жақсы көретінімді білесіз бе? – дейді. Ойламаған жерден қойылған сұраққа тосырқап қалғанымды көрген балам өз-өзіне сенімді түрде:
– Менімен бірге ойнаған кездеріңізді! – деген еді.

Әсет Әссанди фб парақшасынан

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған