Әлем және сен

Мейірім мен махаббатқа толы әлемді көргің келеді. Болмысың қандай болса, өзгелер сені сол күйінше жақсы көрсе екен деп тілейсің. Еш өзгертпестен, қысым жасамастан… Бірақ өзің шарттылықсыз ешкімді жақсы көре алмайсың. Әлемге жүрегіңді аша алмайсың.

Ешқашан соғыс болмаса екен, адам баласы мағынасыз өлім-жітім мен бекер қайғы шекпесе екен дейсің. Алайда, өзге біреу сенің жан дүниеңе сәйкес келмей қалған сайын ішіңде алапат “соғыс” жүргізесің.

Жан жылуы мен ыстық ықыласты сезінгің келеді. Бірақ өз қорқынышы мен сенімсіздігінен “тасжүрек” көрінгісі келген жанға сол нәзіктікті сыйлауды осалдық деп білесің.

Еркін болғың келеді. Алайда азат ойлы, сенімен әр нәрседе келісе бермейтін адамдардың бәріне ашуланасың.

Сенің қалауың…
Сен бір нәрсені “қалаған” сайын бұл әлем сенің танымыңнан басталатынын ескеріп отыр.

Аму Мом
Аударған Шынар Әбілдә

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған