Әлем әдебиетіндегі «Дон Жуан» бейнесі

Бірер күн бұрын белгілі жазушы Зейін Шашкиннің қызы ф.ғ.к., доцент Г.З.Шашкинамен компаративистика саласы жайында әңгімелескен едім. Компаративистика – шығармаларды салыстырмалы-тарихи тұрғыда зерттейтін әдебиеттану ғылымының бір саласы. Әлем әдебиетінде «Мәңгілік бейне» (Вечный образ) деген ұғым бар. Осы ұғым аясында ойландырған көркем бейненің бірі – Дон Жуан хақында.

Әлем әдебиетіндегі мәңгілік көркем бейненің бірегейі – Дон Жуан бейнесі. Дон Жуан – атақты итальяндық аңыз кейіпкері. Оның өмір жолы турасында жүзден асқан шығарма жазылған екен. Сонымен әдебиет пен көркем өнердің түрлі жанрында жазылған шығармалардағы Дон Жуан кейіпкерінің көркем бейнесі қандай? Әлем әдебиетіндегі озық туындыларды компаративизмдік тұрғыда салыстырып қарайтын болсақ:

Әлем әдебиеті тарихында Дон Жуанның өмір жолы туралы түрлі аңыз, әңгімелер бар. Олардың әрқайсысы әр түрлі, әрқилы. Дон Жуанның Дон Гуан, Дон Хуан, дон Джованни сияқты нұсқалары кездеседі. Дон Жуан – әйелдерге жаны құмар азғырғыш, жүргіштігімен аты шыққан кейіпкер, қазақшалап айтқанда, «сері» болған. Ол тағы басқа жағымсыз қасиеттерімен әдебиеттегі мәңгілік көркем бейнеге айналып кеткен кейіпкер.

Дон Жуанның итальяндық халық ауыз әдебиеті үлгілерінде дон Хуан Тенорио, дон Мигель де Манара сияқты түпнұсқасы (прототип) сипатталған. Ал, көркем әдебиет тақырыбында ең алғаш рет Дон Жуанның көркем бейнесін сомдаған Тирсо де Молине. Оның «Севильский распутник и каменный гость» деп аталатын пьесасының сюжеті италия халық әдебиетіндегі дон Хуан Тенорионың өмір тарихынан алынған. Бұл пьеса шамамен 1630 жылдары жазылған болатын.

Жоғарыда аталған Дон Жуанның түпнұсқалары жайындағы аңызнамалар желісі француз әдебиетіне де өте үлкен әсерін тигізген. Нәтижесінде француз қаламгері Мольер «Дон Жуан или каменный пир» атты пьеса жазған еді. Бұл пьеса 1665 жылдан бастап театр сахналарында қойылып келеді. Сонымен қатар, Дон Жуан бейнесі неміс қаламгерлерінің шығармашылығына арқау болған. Оның бейнесі Байрон, Горман, Гальдони, Грабе, Проспер Мериме шығармаларында да көрініс тапқанын айта кетейік.

Орыс әдебиеті тарихында Дон Жуанның көркем бейнесін алғаш болып сомдаған ұлы ақын А.С.Пушкин болатын. Александр Сергеевичтің «Маленькие трагедии» атты циклдық пьесалар жиынтығында «Каменный гость» деп аталатын пьесасы бар. Бұл шығарма 1830 жылы жазылған. Пушкиннің шеберлігі сол – Дон Жуан туралы жазылған туындылардың желісін сақтай отырып, өзінің қиялымен лирикалық бас қаһарманның тағдырын мүлде басқа арнада жырлауы. Яғни, Пушкиннің Дон Жуаны – итальяндық аңыз желісінен туындаған кейіпкер ғана емес, автордың өзінің қолтаңбасы анық сезілген туынды.

Пушкиннің бұл көркем бейнені сомдауына не түрткі болды екен? Севильдік әйелқұмар Дон Жуан серінің өмір жолы итальян, француз жазушыларының шығармаларына арқау болғанын оқып білген Пушкин Моцарттың «Дон Жуан» операсын сахнадан көргеннен соң, шабыттанып, жазу үстеліне отырған екен. Пушкин бұл шығармасын жазып жатқанында, кейбір элементтерді Лоренц да Понтенің либреттосымен байланыстырған еді. Алайда, Пушкин бұл тақырыпты биікке көтеріп, шарықтау шегіне жеткізіп асқақ сезіммен жазды емес пе!

Пушкиннің ерекшелігі – бас кейіпкер Дон Гуанды Дона Аннаны бір көргеннен ғашық қылып қоюында. %d0%b4%d0%be%d0%bd%d0%b6%d1%83%d0%b0%d0%bdРасымен, осыған дейінгі Дон Жуан туралы жазылған қаншама шығармалар желісінде ол махаббатқа, сезімге тұрақсыз, әйелдермен тек ләззат алу мақсатында ғана өмір сүретін адам ретінде суреттеледі. Ал, Пушкин өзінің Дон Гуанын – өзгелердің кейіпкерлерінің ерен, ерек қылу үшін осындай ұтымды әрекетке барған. Ынтызар, шын ғашық Дон Гуанды баладай қуандырып, махаббаттың әлегіне түсіріп, ессіз ғашық қылып, махаббат машақатын тарттырады. Тіпті, оны Дона Аннаның алдында тізерлетіп, ғашық екенін мойындатады. Екеуі тіл табысып, қос жүрек бір-біріне жақындаған сәтте, ажал-ғайып Дона Аннаның марқұм болған күйеуі Командордың тас тұлғасы (статуя) арқылы келеді. Әп-әдемі лирикалық сезім осылай тәтті мұңға айналып, трагедияға ұшырайды. Пушкинның бұл шығармасы 1979 жылы кинокартинаға айналғанын еді.

Пушкиннен соң бұл мәселені ақын К.Бальмонт қозғады. Оның 1897 жылы жазылған, бірақ, аяқталмай қалған «Дон Жуан» атты поэмасы бар. Оның Дон Жуаны ертеректегі аңыздардың желісіне саяды. Ал, талантты символист ақын В.Брюсовтің 1900 жылдың 12 мамырында жазылған «Дон Жуан» деген өлеңі бар. Ақын:

Да, я — моряк! искатель островов, 
Скиталец дерзкий в неоглядном море. 
Я жажду новых стран, иных цветов, 
Наречий странных, чуждых плоскогорий. 
И женщины идут на страстный зов, 
Покорные, с одной мольбой во взоре! 
Спадает с душ мучительный покров, 
Всё отдают они — восторг и горе. 
В любви душа вскрывается до дна, 
Яснеет в ней святая глубина, 
Где все единственно и неслучайно. 
Да! я гублю! пью жизни, как вампир! 
Но каждая душа — то новый мир 
И манит вновь своей безвестной тайной,– деп жырлаған екен. Бұл өлең – І жақтан, яғни, Дон Жуанның өзінің сөзі ретінде бейнеленген. Ақын оның әйелқұмар екенін өз аузымен былайша: «Да, я — моряк! искатель островов» айттырып отыр. Керемет метафоралық суреттеу емес пе!

Ақын Николай Гумилев 1910 жылдың 16 сәуірінде «Дон Жуан» деген өлең жазады. Өлең тұтас мазмұнына зер салсақ:

Моя мечта надменна и проста: 
Схватить весло, поставить ногу в стремя 
И обмануть медлительное время, 
Всегда лобзая новые уста.
А в старости принять завет Христа, 
Потупить взор, посыпать пеплом темя 
И взять на грудь спасающее бремя 
Тяжелого железного креста!
И лишь когда средь оргии победной 
Я вдруг опомнюсь, как лунатик бледный, 
Испуганный в тиши своих путей,
Я вспоминаю, что, ненужный атом, 
Я не имел от женщины детей 
И никогда не звал мужчину братом, – деп аяқталады. Бұл өлеңде Дон Жуан бейнесі толық ашылған іспетті. Мысалы, өлеңнің алғашқы жолында оның түрақсыз өмір сүруі, кейінірек, қартайған шағында шіркеуге келіп, құдай жолына түсіп, илануы баяндалады. Оның не жар, не бала сүймегені, өмірдің қызығы осы екенін ұғып, өкінуі айтылған. Бұл жердегі басты мәселе – жалғыздық мәселесі. Н.Гумилев Дон Жуанның тағдырынан осыны анық байқаған екен.

Орыстың көрнекті ақыны Александр Блоктің В.А.Зоргенфрейге арналып жазылған «Шаги Командора» деп аталатын өлеңі бар. Өлең – 1910 жылы жазылған. Өлеңнің мазмұнына қараңыз:

Тяжкий, плотный занавес у входа,

За ночным окном – туман.

Что теперь твоя постылая свобода,

Страх познавший Дон-Жуан?

Холодно и пусто в пышной спальне,

Слуги спят, и ночь глуха.

Из страны блаженной, незнакомой, дальней

Слышно пенье петуха.

Что изменнику блаженства звуки?

Миги жизни сочтены.

Донна Анна спит, скрестив на сердце руки,

Донна Анна видит сны…

Чьи черты жестокие застыли,

В зеркалах отражены?

Анна, Анна, сладко ль спать в могиле?

Сладко ль видеть неземные сны?

Жизнь пуста, безумна и бездонна!

Выходи на битву, старый рок!

И в ответ – победно и влюбленно –

В снежной мгле поет рожок…

Пролетает, брызнув в ночь огнями,

Черный, тихий, как сова, мотор,

Тихими, тяжелыми шагами

В дом вступает Командор…

Настежь дверь. Из непомерной стужи,

Словно хриплый бой ночных часов –

Бой часов: “Ты звал меня на ужин.

Я пришел. А ты готов?..”

На вопрос жестокий нет ответа,

Нет ответа – тишина.

В пышной спальне страшно в час рассвета,

Слуги спят, и ночь бледна.

В час рассвета холодно и странно,

В час рассвета – ночь мутна.

Дева Света! Где ты, донна Анна?

Анна! Анна! – Тишина.

Только в грозном утреннем тумане

Бьют часы в последний раз:

Донна Анна в смертный час твой встанет.

Анна встанет в смертный час. А.Блоктің бұл өлеңін әркім өзінше ұғып, түсінеді. Ақын Дон Жуан мен Донна Аннаны кездестіргенін анықтап оқысаңыз, байқауға болады.

Дон Жуан бейнесі Марина Цветаеваның да поэзиясынан көрініс берген екен. Махаббат тақырыбымен ерекше сезіммен жырлаған Марина ақынның «мәңгілік көркем бейнені» сөз етуі – жаңа сүрлеу болып табылады. Марина Цветаева – әдебиеттегі «Дон Жуан» бейнесін суреттеген жалғыз әйел ақын. Маринаның 1917 жылы жазылған 7 циклдық «Дон Жуан» деген өлеңі бар. Марина оның өмір жолына ақынның көзімен, дұрысы, әйелзатының көзімен қараған екен. Мысалы,

%d0%b4%d0%be%d0%bd%d0%b6%d1%83%d0%b0%d0%bd2Да, да. Под вой ресторанной скрипки 
Твой слышу – зов. 
Я посылаю тебе улыбку, 
Король воров!
И узнаю, раскрывая крылья – 
Тот самый взгляд,
Каким глядел на меня в Кастилье – 
Твой старший брат, – деп жырлағанынан әйелзатының ерекше тебіренісі байқалады. Ақын оны: «Король воров!» деп ерекшелеп отыр емес пе! Ал, басқа ақындардың шығармаларында Дон Жуаннан өткен оңбаған, нақұрыс, жексұрын жоқ ау тегі. Ал, Марина оның сезімін әйел көзімен жоғары бағалайды. Тағы да мысал келтірсек:
И была у Дон-Жуана – шпага, 
И была у Дон-Жуана – Донна Анна. 
Вот и всe, что люди мне сказали 
О прекрасном, о несчастном Дон-Жуане.
Но сегодня я была умна: 
Ровно в полночь вышла на дорогу, 
Кто-то шел со мною в ногу, 
Называя имена.
И белел в тумане посох странный… 
– Не было у Дон-Жуана – Донны Анны! – дейді ақын. Оны ерекше һәм бақытсыз қылып отыр ғой. Өлеңнің мәнін ұғыну үшін мазмұнымен толық танысыңыз.

Кешегі ХХ ғасыр басында ішкі Ресейде алмағайып заман басталғанда, интеллигенция өкілдері эмиграцияға кеткен болатын. Эмиграцияға кеткен қаламгерлер орыс әдебиетінің тарихын «Русское зарубежье» кезеңімен толықтырған еді. Эмиграцияға кеткен ақындардың бірі – Игорь Северянин. Ол 1918 – 1941 жылдары Эстония елінде тұрады. 1929 жылы «Дон Жуан» деген өлең жазыпты. Бұл өлеңнің мазмұны біз сөз етіп отырған мәселеден мүлде бөлек сықылды. Қарап көрелік:

Чем в юности слепительнее ночи, 
Тем беспросветней старческие дни. 
Я в женщине не отыскал родни: 
Я всех людей на свете одиноче.
Очам непредназначенные очи 
Блуждающие теплили огни. 
Не проникали в глубину они: 
Был ровным свет. Что может быть жесточе?
Не находя Искомой, разве грех 
Дробить свой дух и размещать во всех? 
Но что в отдар я получал от каждой?
Лишь кактус ревности, чертополох 
Привычки, да забвенья трухлый мох. 
Никто меня не жаждал смертной жаждой, – депті. Ақынның өзінің өмір жолын қарап отырсаңыз, оның өзі де Дон Жуан сықылды әрбір әйелдің етегінен ұстап күн өткізген екен. Бәлкім, түпнұсқасы – ақынның өзі де болуы әбден мүмкін.

Демек, Дон Жуан – әдебиеттегі өміршең кейіпкер. «Әр заманның өз сұрқылтайы болады» деген қазақ мақалы айтқандай, әр уақыттың өз Дон Жуаны болғанға ұқсайды. Оның тағдыры өзінше жырланыпты.

Елдос ТОҚТАРБАЙ,

әдебиеттанушы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған