«Әндіжан қырғынына» кім кінәлі?

2005 жылы 13 мамырда Әндіжан қаласында алаңға шыққан жұртқа Өзбекстан полициясы оқ жауды- рып, ресми дерек бойынша, 187 адам қаза тапты. Бабыр алаңында билік «акрамистер» деген айып тағып, тұтқынға алынған 23 бизнесменді қорғауды көздеген митингі өткен еді. Өзбекстан билігі бұл бизнесмендерді 1990 жылдары тыйым салынған «Акрамия» қозғалысының жақтастары деп мәлімдеді. Митингіге шыққан Әндіжанның бірнеше мың тұрғыны халықтың әлеуметтік жай-күйін жақсарту және елдегі қуғын-сүргін саясатын доғару жөнінде де талаптар қойған еді. Бұл оқиға «Әндіжан қырғыны» деп аталып кетті. Сол жылдары Өзбекстан билігі Әндіжан оқиғасына қатысты ақпаратқа шектеу қойып, тәуелсіз тергеудің жүргізілуіне тыйым салды. Сол себепті осы уақытқа дейін қантөгіске, зорлық-зомбылыққа не түрткі болғандығы және Әндіжан оқиғасы кезінде нақты қанша адамның қаза болғандығы белгісіз күйде қалып келді. Осы орайда қырғынның себеп-салдарына үңілуді жөн көрдік.

Қанды қақтығысқа не себеп болды?

Жергілікті тұрғындар қамауға алынған танымал 23 кәсіпкердің босатылуын талап етті. Әндіжан тұрғындарының көбіне қаржылай көмектескен бұл кәсіпкерлерге үкімет тарапынан тыйым салынған «Акрамия» ұйымына мүше болып, экстремистік және сепаратистік әрекеттермен айналысты деген айып тағылған болатын. Мінеки, осы 23 кәсіпкердің тұтқындалуы Әндіжандағы жаппай наразылық шарасына түрткі болды. Ресми Ташкент оқиғаның өзге де қалаларда жалғасып кетпеуінің амалын іздестіріп, көтерілісті әскердің күшімен басты. Бейбіт тұрғындар оққа ұшты. Ресми ақпарат көздері «көтерілісті жаншып тастау кезінде 187 адам қаза тапты» дегенді келтіреді. Алайда тәуелсіз құқық қорғаушылар «700-дей адам оққа ұшты, оның көбі әйелдер мен балалар» деседі. Каримов билігі Әндіжанда болған оқиғаны «бұл мемлекетті тұрақсыздыққа алып келуге тырысқан экстремистік топтардың әрекеті» деп мәлімдеді. Бұған қоса, Әндіжандағы наразылық шеруіне оқиғадан бірнеше апта бұрын Қырғызстанда өткен төңкеріс те әсер еткен болуы мүмкін.

Әндіжан қантөгісінің алдында өзбек халқының елдегі әділетсіз саяси жүйеге, әлеуметтік-экономикалық тұрғыда мүшкіл халіне, діни сенімге қатысты репрессияларға қатысты наразылығы өрши түскен. Әсіресе, Өзбекстанның шығыс аймағындағы экономикалық жағдайдың құлдырап кетуі Әндіжандағы наразылық шеруіне түрткі болды деген болжам да айтылады.

f31cf0c1865deb7f57aee8219d554375c9a948f1

«Акрамия» туралы не білеміз?

Өзбекстан билігі «Акрамияны» Ташкенттегі үкіметті құлатып, ислам мемлекетін құруды көздейтін исламшыл ұйым деп атайды. Кейбіреулер бұл топты ауызбірлігі күшті ұйымшыл бизнес қауымдастығы деп сипаттайды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, «Акрамияны» 1992 жылы математика пәнінің мұғалімі, 29 жасар Акрам Юлдошев құрған. 1990 жылдардың аяғында Өзбекстанның би- лік орындары бұл ұйымға тыйым салған соң, «Акрамияның» танымалдығы арта түскен. Юлдошевтің өзі 1999 жылы 17 жылға бас бостандығынан айырылған. Адам құқықтарын қорғаушылар мен оппозициялық тұлғалар және тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары мен Өзбекстан ұлттық қауіпсіздік қызметінің бұрынғы қызметкері «Акрамияның» Әндіжан көтерілісіне қатысы жоқ дейді. Ресей бұқаралық ақпарат құралдарының болжа- мына сәйкес, «Акрамия» деген топ ешқашан болмаған, Өзбекстан үкіметі діни экстремизмге қарсы күресін ақтау үшін бұл топты әдейі ойлап тапқан болуы мүмкін.

Түрмедегі тұтқындарды босатқан қарулы топ кімдер?

Өзбекстанның билік орындары 23 әндіжандық кәсіпкерді «Акрамияға» мүше болып, сепаратистік және исламшыл мақсаттарды көздеді деген айыптар негізінде қамауға алған болатын. Бұл әрекет әлгі кәсіпкерлерді қолдайтын тұрғындардың ашу- ызасын тудырған еді. Ресми мәліметтерге сәйкес, мамырдың 12-сі күні түнде бір топ адам әскери гарнизонға шабуылдап, қаруларға ие болған соң, Әндіжандағы түрмені басып алып, тұтқындарды, олардың ішінде жергілікті кәсіпкерлерді босатқан. Зорлық-зомбылықтан түрмедегі бірнеше күзетші қаза болды және қаруланған адамдар үкіметтік ғимараттарды басып алды деп хабарланды. Ресми ақпарат көздері тек осыдан кейін барып үкімет күштері наразылық шарасын күшпен басып-жаншуға мәжбүр болды дейді. Алайда мамырдың 12-сіне дейін «Әндіжандағы наразылық шарасы бей- біт жағдайда өтті, оған қатысушылар қаруланбаған қарапайым азаматтар еді» деп сипатталған болатын. Түрмеге жасалған шабуылға байланысты жауапкершілікті ешкім өз мойнына алмағандықтан, наразылық шеруіне «Акрамия» тобының мүлдем қатысы болмаған деген болжам айтылды. Әлгі қаруланған адамдардың нақты кімдер болғандығы осы уақытқа дейін белгісіз.

4b

Нақты қанша адам қаза тапты?

13 мамырда құрбан болған адамдардың нақты санына байланысты дау әлі жалғасып келеді. Ресми мәліметтерге қарағанда, Әндіжан оқиғасында 187 адам, олардың ішінде 94 террорист, құқық қорғау органдарының 20 қызметкері, 11 сарбаз, 57 қарапайым азамат және 5 белгісіз адам қаза тапқан. Алайда адам құқықтарын қорғаушылар мен үкіметтің қарсыластары «Әндіжан қырғынында» мыңға жуық адам оққа ұшты дейді. Аймақтағы қауіпсіздік бойынша «Шанхай ынтымақтастық ұйымы» Әндіжан оқиғасына байланысты ресми Ташкенттің ұстанымын қолдап, ол лаңкестер мен экстремистік топтардың әрекеті болды деп сипаттады.

150513114301_andijan4_624x351_denissinyakov

Қантөгістен кейін бір жыл өткен соң, 2006 жылы Әндіжанға жіберілген ЕуроОдақ делегациясы қантөгіс туралы ақпараттарды жинай алмады. 2005 жылдың 13 мамыры Өзбекстан тарихындағы қаралы күн болды. Міне, Әндіжан қырғынына да 12 жыл толып отыр. Арада қанша жыл өтсе де, оқиғаға қатысты көкейдегі сауалдарға мардымды жауап жоқ. Әндіжан оқиғасы Өзбекстан билігінің реті келгенде адам құқықтарын аяқ асты ететіндігін көрсетті. Осы орайда қантөгіске 12 жыл толу қарсаңында ала шапандылар еліне БҰҰ-ның адам құқықтарын қорғау бөлімінің комиссары Зейд Раад аль-Хусейн мырзаның ресми іссапармен келуі кездейсоқтық па, кім білсін. Осындай жоғары лауазымды тұлғаның Орта Азия елдерінен алғашқы болып Өзбекстанға ат басын тіреуі қызық болып тұр.

БҰҰ өкілі Өзбекстанға неге келді?

Мамыр айының 10-12-сі арасында Өзбекстанға БҰҰ-ның адам құқықтарын қорғау комиссары ресми іссапармен кел- ді. Бұл сәтті елдегі және шетелдегі құқық қорғаушылар мен қоғам белсенділері тағатсыздана күтті. Себебі бұл Зейд Раад аль-Хусейн мырзаның тек Өзбекстанға емес, жалпы Орта Азия мемлекеттеріне алғаш келуі. Айта кетейік, оған дейін ала шапандылар еліне бұл лауазымдағы шенеуніктер келген емес. Іссапар бірнеше басты бөліктен тұрды. Комиссар алғаш болып Ішкі істер министрі және Президентпен кездесті. Бұл кездесулерде қандай шешімдер қабылданғаны туралы ақпарат жоқ десек те болады. «Екі жақ та әріптестікке дайын» сынды осындай ресми кездесулерге тән сөздер айтылды. Ешқандай мәселе қаралмаған болуы да мүмкін. Кездесудің басты нәтижесі ретінде комиссар мырза БҰҰ-ның аймақтағы адам құқықтарын қорғау кеңсесі мен Өзбекстан билігі арасындағы келісімге келуді атап өтті. Алайда бұл келісімшарт алдын ала дайындалып, тиісті шенеуніктерге бұрыннан белгілі болғаны күмән тудырмайды. Зейд Раад аль-Хусейн мырза екінші болып қоғамдық белсенділер мен адам құқықтарын қорғаушылармен кездесті. «Белсенді азаматтармен кездесу маған ерекше әсер етті. Біріншіден, кездесуге біз күткеннен екі есе көп, шамамен 60 адам қатысты. Олар қоғамдағы түрлі топтардың өкілдері болып табылады. Тіпті билікке сынмен қарайтындар өз пікірлерін телекамералар мен мемлекеттік телеарналардан жасқанбай ашық білдірді», — дейді комиссар. Бір қарағанда, бәрі тамаша көрінеді. Алайда қоғам белсенділері (Өзбекcтан сынды мемлекетте қайдан 60 адам жиналғаны белгісіз) 1 сағатқа созылған қысқа кездесуде жеткілікті түрде мәселенің басын ашқанына сену қиын.

Басты мәселе — саяси тұтқындар

Кездесулер барысында аль-Хусейн мырза саяси тұтқындардың босатылуын сұрағанын тек БҰҰ-ның ресми сайты ғана жариялады. Ал өзбек БАҚ-тары бұл туралы бір ауыз сөз қозғамады. Олар екі жақтың тиімді әрі ұзақ мерзімді келісімге келгенін және комиссардың Өзбекстанда жасалып жатқан бастамалар мен реформаларды қолдайтынын жазумен ғана шектелді.

Неге бұлай болды? Өзбек билігі үшін бұл өте тиімсіз мәселе. Себебі Өзбекстанда жоғарғы билік ауысқанымен, әлі алдыңғы басшылықтың саясатынан түбегейлі бас тарту мүмкін болмай тұр. Сондықтан Өзбекстан сынды «сөзде демократиялық» мемлекет пен елдегі БАҚ үшін саяси тұтқындар мен оппозициялық босқындар болуы мүмкін емес.

Әндіжан сынды қанды қылмысты оқиғаға Мирзиеев бастаған билік жауап бергісі келмейді. Жаңа президент Ислам Каримовты да айыптауға асығар емес. Қазір Мирзиеев өзін қоғамға «реформатор» мен «демократ» ретінде танытуға мүдделі секілді. Ал аль-Хусейн мырзаға оны өткеннің қылмыстары үшін сынаудың ешқандай да пайда әкелмесі анық. Комиссар мырзаға қазіргі билікке қолдау көрсету тиімдірек. Себебі БҰҰ-ның бас құқық қорғаушысы «шығыстық іс жүргізу тәсілін» жақсы түсінеді: сәл қысым жасасаң, шектен шықсаң, ала шапандылар елінің есігі тағы да ұзақ мерзімге жабылуы мүмкін.

Дайындаған ҚАЗЫБЕК ХАЛЫҚБЕК

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған