Әулиелер, Ғұламалар, Даналар, Ғалымдар осылай айтыпты:

1.Бес нәрсе, бес нәрсемен білінеді:

– Ағаш – жемісімен білінеді.

– Әйел – күйеуі кедейленгенде білінеді.

– Дос – ауыр күнде білінеді.

– Момын – сынаққа түскенде білінеді.

– Жомарт – қажет болғанда білінеді.

2.Бес нәрсе, бес нәрсені көтереді:

– Кішіпейілдік – ғалымдарды көтереді.

– Байлық – айыптауды көтереді.

– Үнсіздік – қателікті көтереді.

– Ұят – аxлақты көтереді.

– Әзіл – қайғыны көтереді.

3.Бес нәрсе, бес нәрсеге жеткізеді:

– Көз – зинаға жеткізеді.

– Дәмету – өкінуге жеткізеді.

– Қанағат – разылыққа жеткізеді.

– Көп сапар шегу – танысуға жеткізеді.

– Тартысу – айырылысуға жеткізеді.

4.Бес нәрсе, бес нәрсені әкеледі:

– Истиғфар – ризық әкеледі.

– Көзді тыю – парасат әкеледі.

– Ұят – жақсылық әкеледі.

– Жұмсақ сөз – мәселені әкеледі.

– Ғазаб – өкініш әкеледі.

5.Бес нәрсе, бес нәрсені жояды:

– Жұмсақ сөз – ғазапты жояды.

– Алладан пана тілеу – шайтанды жояды.

-Өзін жақсы көру – өкінішті жояды.

– Тілді тыю – қатені жояды.

– Дұға – тағдырдың жамандықтарын жояды.

6.Бес нәрсе бақытты жақындатады:

– Жақсылық етуші перзент.

– Салиxалы әйел.

– Адал дос.

– Момын көрші.

– Фақиһ ғалым.

7.Бес нәрсе, бес нәрсемен ұлғаяды:

– От – бұтақпенен ұлғаяды.

– Күмән – жаман ойлауменен ұлғаяды.

– Сараңдық – жамандық жасаумен ұлғаяды.

– Дауласу – кешірмеумен ұлғаяды.

– Ағайының бөлінген арасы – xал сұраспауменен ұлғаяды.

8.Бес нәрсе, бес нәрсеменен безендіріледі:

– Денсаулық – жақсы өмірмен безендіріледі.

– Сапар – жақсы сұхбатпенен безендіріледі.

– Сұлулық – көркем мінезбен безердіріледі.

– Ұйқы – дененің раxаттануымен безердіріледі.

– Түн – Алланы еске алуменен безендіріледі.

9.Алла Тағала Құран Кәрімде әрбір мақсатқа қалай жететінімізді баяндаған:

– Ризықты талап етуде: “Жүріңдер”.

– Намазға: “Жүгіріңдер”.

– Жәннатқа: “Жарысыңдар”.

– Ал Аллаға: ” Аллаға қарай қашыңдар”.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған