Өзімен өзі сөйлеу нені білдіреді?

Жақындарыңыздың, әйеліңіздің (немесе күйеуіңіздің) өзіне өзі сөйлеп жүргенін көрген боларсыз? Немесе өзіңіз солай істейтін шығарсыз? Өз-өзіне сөйлеу нені білдіреді? Кейбіреулер өздігінен сөйлеп жүрген адамды көрсе «мынаған не болған» деп ойлайды. Сол дұрыс па?

 Негізінен, әлемнің барлық данышпандары осындай әдетке ие. Поэзия мен әдебиет – біреудің ішкі монологы.
Өз-өзіне, көбінесе әйелдер сөйлеп жүреді. Мысалы, бірнәрсе істеп жатқанда шаруалары тым көбейіп кетсе өздеріне: «мына тірлікті істеймін, содан соң анау, содан соң кір жуамын» деп істеуі керек нәрселерін ретке келтіріп алады. Ол әйелдердің ойын жинақтап, жұмыстарын тез аяқтауына көмектеседі. Өз-өзіне бұйрық бере отырып жұмысын жылдам әрі тиянақты орындайды.
Психологтар өз-өзіне сөйлеу пайдалы екендігін айтады. Ол ешқандай да ақыл-естің ауытқуының нышаны емес дейді. Керісінше, адам өз-өзіне сөйлеп жан-жаққа шашыраған ойларын жинақтайды, өзін-өзі тыныштандырады, эмоцияларын ретке келтіреді.
Сондықтан, әйеліңіз өзімен өзі сөйлеп жүрсе, оған таңырқай қарамаңыз немесе «саған не болды?» деп шошымаңыз! Себебі олар дауыстап ойланады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған