Өз рекордын қайта жаңартқан 105 жастағы велошабандоз

105 жастағы франциялық Робер Маршан велотректе тағы да рекорд орнатты. Қария сағаттық жарыста өзінің жас категориясында рекордсмен атанды, деп хабарлайды Baq.kz порталы Euronews-ке сілтеме жасап.

Сен-Кентен-ан-Ивлиндегі велодромда қарт спортшы бір сағат ішінде 22 шақырым 528 метрді жүріп өткен.

«Бүгінгі жетістігім соңғы емес деп ойлаймын. Менің мәре алдындағы спуртқа да күшім қалып еді», – дейді спортшы.

Айта кетсек, осыдан 3 жыл бұрын 102 жасында Маршан бір сағатта 27 шақырымды артқа тастап, рекорд орнатқан болатын.

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған