Өлшеніп берген өмір бар

Замана

Дүниеге мейман көңілім,
Мақтансам дауа тілерсің.
Өлшеніп берген өмір бар,
Уақытыңмен жүрерсің.
Кейбір күнде қапа боп,
Кейбір күнде күлерсің.
Бір қалыппен еш пенде
Бітіре алмас үлесін.
Көлеңкелі бұлттай
Кшпелі болған дүниесің.
Ажал келсе, жатқызар
Маңдайдан басқан ұйқыдай.
Пендені дәулет мас қылар
Қырауды кешкен жылқыдай.
Бауыры бүтін, басы есен
Сағынар сауық-күлкіні-ай.
Қызықтырған түлкідей
Дүние тер бір күні-ай.
Ептеп кісі бай болмас,
Мадңайға Құдай бермесе.
Ақыретті кім ойлар,
Ажал жетіп лмесе?
Жылағанмен не пайда,
Жиылған жұртың крмесе?
Жырлағанмен не пайда,
Тыңдаушы дүние бермесе?
Қатын тоймас ер десе,
Диқан тоймас жер десе.
Ер тілеуін береді,
Ерте ұрып еңіресе.
Ұят беттің пердесі,
Қымбатты ердің зердесі.
Майлықожа ақынның
Ыбырат қып айтқан термесі.
Уа, замана, дауылсың,
Қыдыра кшкен ауылсың.
Тоқым салмай, жайдақтап
*ркім мінген жауырсың!
Уа, замана, брісің,
Кедейдің шықпас трісің.
Ата-бала тартысқан
Қызықты көкпар терісің!
Уа, замана, ескісің,
Ертеңгі білмес кешкісін.
Кедейлердің тепкіздің
Шегене айдап ешкісін.
Уа, замана, қырланған,
Аунаған жерің сырланған.
Не төбелер бос қалып,
Не ерлер келіп кұрланған…

Майлықожа СҰЛТАНҚОЖАҰЛЫ
(«Жыр маржаны», « Өлке» баспасы, Алматы, 2014 ж.)

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған