Өмірден өткен әкеге мұқтаждық

—Күндердің күнінде бір мұсылман отбасында Махмуд есімді отағасы дүниеден өтеді. 5 баламен жалғыз қалған Әмина күйеуінен қалған дүниені шүберекке түйіп, аманат ретінде сақтап жүреді. Бұған қоса күйеуінің қадірін ұлдары ұмытпасын деген мақсатпен оның жейдесін жоғары іліп қояды.

Содан арада 8 жыл өтіп, 5 бала өсіп, өз қолдары ауыздарына жеткенде үйде шығындар мәселесі ұлғая түседі. Әмина күйеуінен қалған дүниені шығарып, әлгі ілулі тұрған жейденің қалтасына шамалап салып тұрады. Балалары ақша сұрап келгенде  анасы оларға:

— Әкелеріңнен сұраңдар,-деп, жейденің қалтасынан балаларының ақша алып тұруын әдетке айналдырған. Осылайша, Әмина отағасының көзі кеткенімен, оның қадірін отбасында сақтап, әлі де болса балалары оған мұқтаж екендіктерін сезіндіру мақсатында осылай жасаған екен.

Жалғас АСХАТҰЛЫ,

дінтанушы

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған