Қазақстанда алғаш рет әйел облыс әкімі болып тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалды деп хабарлайды Ақорда. «Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова Қызылорда облысының әкімі болып тағайындалсын» — делінген Жарлық мәтінінде. Гүлшара Әбдіқалықова 1965 жылы 15 мамырда Қызылорда облысы Сырдария ауданы Сұлу-Төбе ауылында дүниеге келген. 1987 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын бітірді, экономика ғылымдарының кандидаты. 1987 жылдан 1994 жылға дейін Қызылорда облыстық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының Әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас инспекторы, бухгалтерлік есеп және бақылау бөлімінің бастығы, тексеру комиссиясы бөлімінің бастығы. 1994-1995 жылдары-Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі комитетінің консультанты. 1995-2003 жылдары Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде басқарма бастығының орынбасары, зейнетақымен қамтамасыз ету басқармасының бастығы, әлеуметтік қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, әлеуметтік қамтамасыз ету департаментінің директоры, халықты зейнетақымен қамтамасыз ету және кірістерді реттеу департаментінің директоры лауазымдарында қызмет атқарды. 2003 жылдың наурыз айынан 2005 жылдың желтоқсанына дейін- Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі 2005 жылдың желтоқсан айынан 2006 жылдың қазан айына дейін-«Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы. 2006 жылдың қазаннан 2007 жылдың қазанына дейін-Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі. 2007 жылдың қазаннан 2008 жылдың қаңтарына дейін-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жауапты хатшысы. 2008 жылдың қаңтарынан 2009 жылдың наурызына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы. 2009 жылдың наурызынан 2012 жылдың қыркүйек айына дейін-Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы. 2012 жылдың қыркүйегінен 2013 жылдың қарашасына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы. 2013 жылдың қараша айынан 2014 жылдың қараша айына дейін-Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы. 2014 жылдың қарашасынан 2019 жылдың ақпанына дейін-Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы. 2019 жылдың ақпаннан бастап 2019 жылдың тамызына дейін – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы. 2019 жылдың тамызынан бастап-VI сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы болған.

inform.kz