Қолыңнан келгенше анаңа жақсылық істе!

— Сенің бір жасыңда анаң сені емізді, нәжісіңді жуып, тазалады. Бұның рахметіне сен түні бойы жыладың.

— Сен екі жасқа толғаныңда, анаң саған жүруді үйретті. Ал сен болсаң, анаң шақырғанда қашатын едің.

— Сен үш жасқа толғаныңда анаң саған ең дәмді тағамдар әзірледі. Ал сен болсаң ыдыстарды жерге лақтырдың.

— Сен төрт жасқа келгеніңде қолыңа қалам беріп, жазуды үйретті. Ал сен болсаң қабырғаларды шимайладың.

— Бес жасқа толғаныңда анаң сені әдемі киімдермен киіндірді, мұның рахметіне сен үйге кір-қожалақ болып оралушы едің.

— Алты жасқа толғаныңда анаң сені мектеп қабырғасына алып келді. Ал сен болсаң, «оқымаймын» деп бақырып жылап, сабақтан қаштың.

-Он жасқа толғаныңда анаң сені құшағына алу үшін, мектептен қашан келер екен деп сарғая күтіп отырды. Ал сен болсаң дереу бөлмеңе қарай асықтың.

— Сен он сегізге толып, ер жеткеніңде анаң балам «есейді» деп көзіне жас алды. Ал сен болсаң «мен көлік мінгім келеді» дедің.

— Жасың жиырмаға толғаныңда анаң «балам, біршама уақыт үйде отыршы» деп өтінді, ал сен болсаң бар уақытыңды түзде жүруге ысырап еттің.

— Сен жиырма беске келгеніңде анаң той жасап сені үйлендірді. Ал сен болсаң, «амалы болса үйден ұзақ болайын» деп анаңды тастап, әйеліңмен бірге еншіңді алып кеттің.

— Жасың отызға толып, балалы-шағалы болғаныңда анаң бала тәрбиесіне көмек бергісі келді. Ал сен болсаң «менің жеке басымның тірлігіне, жеке өміріме араласпа» дедің.

— Сен отыз беске келгеніңде анаң сені «тамақтануға» үйіне шақырды. Ал сен болсаң, «тығыз шаруаларым көп, уақытым жоқ» дедің.

— Сен қырыққа келгеніңде анаң саған телефон соғып, «балам мен науқаспын, сенің қолғабысыңа мұқтажбын» дегенде, сен «ата-ананың мәселелері балаларымды мазалайды» дедің.

— Бір күні анаң о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді. Білгін, ананың о дүниеге аттануымен сен үшін «жәннат есіктерінің» бірі жабылады. Егерде сенің анаң әлі тірі болса, оны жалғыз қалдырма. Қолыңнан келгенше анаңа жақсылық істе. Ол қандай сөз айтса да, анаңды бақытты қылуға тырыс. Еш уақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналасқан жүрегін жаралайтын ауыр сздер айтушы болма!