«Ұлт пен сана». Ру қымбат па, ұлт қымбат па? (Видео)

Жақында «Қазақстан» Республикалық Телерадиокорпорациясы» Акционерлік Қоғамының Басқарма Төрағасы Ерлан Қарин Қазақ телевизиясының 60 жылдығы қарсаңында Ұлттық арна эфирінде мұрағатта сақталған телебағадарламалар көрсетілетінін хабарлаған еді.

Ұлттық арна бүгін бағдарламаның «Ру қымбат па, ұлт қымбат па?» тақырыбында шыққан бір шығарылымын көрермен назарына ұсынды. Хабар қонақтары – қазақ халқының мәдениетінің, ана тілінің, дәстүрі мен әдет-ғұрпының жаңарып, дамуына елеулі үлес қосқан мемлекет қайраткері Өзбекәлі Жәнібеков пен жазушы Смағұл Елубай. Хабар таспаға 1993 жылы басылған.

Хабар түйіні: «Айналайын, ағайын! «Жеті атасын білмеген жетесіз, түп атасын білмеген тексіз», деген дана сөз. Бірақ, білетініңді жеке басыңа, алақандай ағайының үшін ғана пайдаланбай, бір рудың жоғын ғана жоқтап қоймай, ұлттың, күллі қазақтың қамын ойлағанда, біз өркениетті, мәдениетті елге айналамыз. Бәріміздің түбіміз бір. «Түбі бірге түртпейді, тегі бірге теппейді», деген бар. Ендеше, осы даналыққа тоқтайық».

Дереккөзі: http://ult.kz/post/ult-pen-sana-ru-kymbat-pa-ult-kymbat-pa