1 «алтын», 4 «күміс» және 3 «қола»

1 «алтын», 4 «күміс» және 3 «қола»: ММА бойынша жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатынан Қазақстан жүлдемен оралды.

2022 жылғы 5-21 тамыз аралығында Абу-Дабиде 14-15 және 16-17 жас санаттары арасында ММА аралас жауынгерлік жекпе-жектен әлем чемпионаты өтті.

Чемпионатқа 42 елден 479 спортшы қатысты. Қазақстан намысын 20 спортшы қорғады.

Қостанайлық балуан Шыңғыс Жүсіпов барлық жекпе-жекте жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

«Мен үшін бұл ММА-дан бірінші халықаралық жарыс болды. Байрағымызды көкке желбіретіп, ел намысын қолдан бермеуге тырыстым. Енді алтын жеңіп алғаныма өте қуаныштымын. Өкінішке орай, құраманың оқу-жаттығу жиыны болмай қалды. Сондықтан жаттықтырушым Марат Әліппаев екеуміз туған қаламда Қостанайда дайындықты өткіздік. Жеңіске жеткеніме әлі де сенбей жүрмін», — турнирден алған әсерімен бөлісті Шыңғыс.

Сонымен қатар, тағы 7 спортшы жүлдегер атанды. Аяжан Ергентай (Түркістан облысы), Самат Төлегенов (Нұр-Сұлтан), Павел Карабанов (Қарағанды ​​облысы), Дмитрий Жижин (Қарағанды ​​облысы) күміс жүлдеге ие болды.

Жәния Төлеубаева (Қарағанды ​​облысы), Шыңғысхан Тұрсынханов (Нұр-Сұлтан), Аяулым Әубәкір (Түркістан облысы) қола медаль жүлдегерлері атанды.

Айта кетейік, ММА бойынша әлем чемпионатының қорытындысы бойынша Қазақстан 8-ші орында болды.

Қазақстандық ММА Біріккен

Федерациясының баспасөз-қызметі

Мадина Уразмбетова

+77089440897

pr@kazmma.kz

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі