1 КҮНДЕ 4 НЫСАН…
Аудан көлемінде барлық салада оң өзгерістер байқалуда.
Ауданда жол жөндеу, коммуналдық саланы жетілдіру, қоғамдық орындарды абаттандыру, жаңа нысандарды ашу, көп қабатты үйлерді қайта қалпына келтіру және т.б. жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Міне, Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен «6 шілде – Елорда күні» мерекесі қарсаңында 4 бірдей қуанышты жаңалық орын алды.
✅ 1️⃣ «САРЫСУ» ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ ҚАЗЫҒЫ ҚАҒЫЛДЫ
«Сарысу» жел электр станциясы құрылысына жалпы 163,7 гектар жер бөлінген.
Инвесторы«Visor Kazakhstan» компаниясы жүргізіп жатқан жоба 2023 жылы мамыр айында іске қосылатын болады.
Электр энергиясының болжамды өндірісі:бірінші кезеңде 100 МВт-ты құрайды деп көзделген.
Жыл сайын 350-ден 400 млн. кВтэлектр энергиясын өндіреді деп болжанып отыр.
Қазіргі таңда құрылыс барысында 280 адам тер төгуде, жоба толығымен іске қосылғанда 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылмақ.
‼️ 2️⃣ СҮТ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы шеңберінде, заман талабына сай технологиямен жабдықталған сүт өнімдерін өндіру цехін іске қосылуда.
Кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласында еңбегімен елеулі болып жүрген азаматтар аз емес.
Осы игі істі абыроймен атқарған «Байтұр 2050» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жетекшісі Шаймқұлов Фархатқа ел алғысы шексіз.
3️⃣ЖАҢАТАСТАҒЫ ТІГІН ШЕБЕРХАНАСЫ
Жаңатас қаласында арнайы киімдер, медициналық киімдер және төсек жабдықтарын дайындайтын тігін цехын ашудағы басты мақсат – әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту, ауданымыздың көпбалалы және аз қамтылған отбасыларын жұмысқа орналастыру.
Бұл тігін шеберханасында дайындалған өнімдер тек аудан көлемінде шектелмей, Республика бойынша келісімшарт негізінде «Инженерные Сети» ЖШС – Атырау қаласы, «Sitro» ЖШС – Алматы қаласына да жолдануда.
4️⃣ ЖАҢАТАС ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ
Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейлі мерекесі қарсаңында 2017 жылы құрылысы басталған Жаңатас жел электр станциясы іске қосылды.
Тиісті мамандарынан бөлек, жергілікті жердің тұрғындарынан қазіргі уақытта құрылысы аяқталғанға дейін 300-ге жуық адам жұмыспен қамтылды.