10 508 ШАРУАШЫЛЫҚҚА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ
Ағымдағы жылдың 9 айында облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне 22,9 млрд. теңгеден астам мемлекеттік қолдау көрсетілді. Оның ішінде, егін шаруашылығы саласы бойынша – 1 276 шаруашылыққа 2,7 млрд. теңге, мал шаруашылығында – 5 007 шаруаға 10,2 млрд. теңге субсидия берілді.
Сонымен қатар, қайта өңдеу саласы бойынша 20 шаруашылыққа 856,9 млн. теңге төленсе, 733 агроқұрылымға 6,2 млрд. теңге инвестициялық субсидия төленді. Бұдан бөлек, кредит және лизинг бағыттары бойынша 3 470 шаруаға 2,4 млрд. теңгеге, басқа да бағыттар бойынша 2 шаруашылыққа 333,3 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.
Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы