10 АВТОКӨЛІКТІҢ КІЛТІ ТАБЫСТАЛДЫ
Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар — ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауында ветеринария саласын реформалау, орталық пен өңірлердің нақты міндеттерін айқындау, үрдістерді цифрландыру, малдәрігер мамандарын дайындау, жалақыларын өсіру сынды маңызды тапсырмалар берілген болатын. Бұл тапсырмалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Бүгін Жолдау жүктеген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында облыс әкімі Ербол Қарашөкеев 10 аудан мен қалаға ветеринариялық стансаларына қызметтік автокөлікті табыс етті.
Жамбыл ауданы Аса ауылындағы ветеринария стасасында өткен шарада аймақ басшысы саладағы басымдықтар мен алдағы жоспарлар жайына да тоқталып өтті.
Сондай-ақ аймақ басшысы аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлымен бірге ветеринариялық пунктінің жұмысын аралап көрді.