10 ҚҰРСАҚ КӨТЕРГЕН ӘЖЕНІ ҚҰТТЫҚТАДЫ
Отбасы — алтын діңгек десек, елімізде Отбасы күні ерекше аталып өтіледі. Мерейлі мерекеге орай аудан әкімі аппаратының басшысы Самат Селеубаев пен Қаракемер ауылдық округінің әкімі Жәнібек Ауелбаев тыл еңбеккері, «Алтын алқа» иегері Алшакүл әже Қойлыбаеваны арнайы құттықтап, құрмет көрсетті.
Өмірге 10 ұл-қызды әкелген аяулы әжеге сый-сияпат табыс етіп, ізгі тілегін білдірді.
Жамбыл ауданы әкімдігі