10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орны: 14 мыңнан астам жамбылдықты жұмысқа орналастыру жоспарлануда

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында халықты жұмыспен қамту шаралары туралы айтып берді.

Облыс әкімінің хабарлауынша, Мемлекет басшысының 10 мың тұрғынға 100 жаңа жұмыс орнын құру тапсырмасына сәйкес 14 331 азаматты жұмысқа орналастыру көзделуде. Бүгінге дейін 6 мыңға жуық жұмыс орны ашылған, қосымша тағы 8 мың жұмыс орны құрылады.

Биыл әлеуметтік салаға 43,6 млрд.теңге бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,2 есеге көп.

Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында 67 357 жұмыс орнын құру жоспарланса, бүгінге оның 38 961 ашылды (23 527 –тұрақты, 15 434 -уақытша).

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларына 31 614 адам тартылды (жоспар – 47 951).

Халықты жұмыспен қамтуға бағытталған шараларды іске асыру қортындыларына сәйкес атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың саны 42,2 мыңнан 9,5 мың адамға азаяды деп күтілуде.

Жамбыл облысы