100 адамды жұмыспен қамтыған зауыт

Бүгін аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы «Meralco» ЖШС – нің жұмыс жағдайымен танысты.


Зауыт 2022 жылдың сәуір айынан бері жұмысын қайта бастаған.

Зауытқа аранайы барған аудан әкімі Жорабек Нұрмергенұлы өнім өндіретін құрылғылар мен қондырғыларды тексеріп, жұмысшылардың тыныс тіршілігіне тоқталды.

Аталған зауыт бүгінде 100 адамды жұмыспен қамтып отыр.

«Meralco» ЖШС өкілі Шокенов Рысбек Кубанычбековичтің сөзінше жұмысшылардың ең төменгі айлығы тоқсан үш мың теңгені құрайды.

Сонымен қатар алдағы уақытта қосымша жұмысшыларды жұмысқа тарту көзделіп отыр.

Аудан әкімі Баубеков Жорабек Нұрмергенұлы аталмыш зауыт басшылығына жұмысшылардың айлығын уақытылы беру, жұмысшылардың әлеуметтік аударымдарын нақтылы аудару, жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы ұйымды қатынастардың заңды болуы керек екендігі жайында ескертті.

Меркі Ауданы Әкімдігі