«100 НАҚТЫ ҚАДАМҒА» ҚАТЫСТЫ ІСТЕРДІ САРАЛАП БЕРДІ
Б.САПАРБАЕВ «100 НАҚТЫ ҚАДАМҒА» ҚАТЫСТЫ ІСТЕРДІ САРАЛАП БЕРДІ Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев баспасөз мәслихатын өткізіп, «100 нақты қадам» Ұлт жоспа- рын жүзеге асыру мақсатында өңірде жасалып жатқан істер жөнінде баян- дады және БАҚ өкілдерінің сауалда- рына жауап берді. — Стратегиялық құжаттың негізгі мақсаты — елі- мізді жаһандық экономикалық дағдарыстан тезірек алып шығу, көзделген нақты қадамдарды іске асы- ру арқылы Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына қосу, — деді облыс әкімі. Ұлт жоспарында айқындалған алғашқы 4 қадамда мемлекеттік қызметке қабылдау рәсімдерін жаңғырту мақсатында: қабылдауды төменгі лауазымдардан ба- стау, үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу және міндетті түрде сынақ мерзімінен өткізу көзделген. — Біздің облыста мемлекеттік қызметке қабылдау мақсатында 18 конкурс өткізіліп, 3 қызметкер жұмысқа қабылданды. Бүгінгі күні он адам сынақ мерзімінде жүр, — деді Бердібек Сапарбаев. Мемлекеттік қызметші басқа өңірден ауысып кел- ген болса, оған қызметтік пәтер беру көзделеді. Бұл пәтерлер ж е к е ш е — лендіруге жат- пайды. Қазіргі уақытта мемлекет- тік органдар балансын- да 127 қызметтік тұрғын үй бар. Ұлт жоспарындағы 12-қадамда жаңа әдеп ере- желерін енгізу көзделген. ҚР Президенті Жарлығы бойынша елі- мізде жаңа Әдеп Кодексі күшіне енді. Жыл басынан бері Әдеп Кодексін бұзу фактілері бойынша 9 арыз түскен. Арыздар уақытында қаралған. Облыс әкімінің айтуынша, жергілікті полицияның қызметінің нәтижесінде, биылғы жылдың алғашқы үш айы ішінде кейбір көрсеткіштер жақсарған. 55-қадамда өнеркәсіпке трансұлттық компаниялар- ды тарту туралы айтылған. Осы орайда облыс әкімі: — Бұрын да айтқанымдай, біздің өңірге тағы үш компанияны тартып отырмыз, — деді. — Біріншісі — Қытайдың «Хуасинь цемент» корпорациясы. Олар Қарғалы ауданында жылына 1 миллион тонна цемент және 500 мың тонна толтырғыш материал өндіретін зауыт салады. Зауытта 350 жұмыс орны ашылатын болады. Құрылыс жұмыстары осы жылдың екінші жартысында басталады деп күтіліп отыр. Екіншісі — Австралияның «Қазақстан Поташ Кор- порэйшн» компаниясы. Компания калий тыңайтқышы өндірісін қолға алмақшы. Қуаттылығына келсек, жылына 800 мың тонна өнім өндірілмек. Соған сай, жұмыс орындарының саны да баршылық: 1 мыңнан астам адам жұмысқа тартылады. Үшіншісі — Біріккен Араб Әмірліктерінің «Панджа Голдэн Оазис Дженерал Трэйдинг Л.Л.С» компа- ниясы. Бұл компания жылына 3 мың тонна никель тотығы концентраты мен 123 тонна кобальт тотығы концентратын өндіретін никель зауытын салуды жо- спарлап отыр. Іске асқан күнде, 150 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Яғни, үш жоба бойынша, 1,5 мыңнан астам жұмыс орны ашылатын болады. Ұлт жоспарының 60-61 қадамдарында жүктелген міндет — ет және сүт өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту. Биылғы қаңтарда Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстары және итальяндық «InalcaEurasia» компаниясы арасын- да ет кластерін құру жөнінде келісімге қол қойылды. Осы жоба аясында Алға ет комбинаты жаңғыртылады. Қазіргі күні оның қуаттылығы 7,5 тонна болса, алдағы уақытта 20 мың тоннаға дейін арттыру көзделіп отыр. Үш облыста жалпы қуаттылығы 44 мың бас малға есептелген бордақылау алаңдары ашылады. Үстіміздегі жылы ет өңдеу өндірісі көлемін — 28 мың тоннаға дейін, сүтті — 146 мың тоннадан 162 мың тоннаға дейін; ал суармалы егістік алаңын 12 мың гектардан 18,6 мың гектарға дейін арттыру жоспарланған. Сондай- ақ, ш а — ғ ы н ф е р м а — лар құру ж ө н і н д е г і жоба қолға алы- нып отыр. Бұлар — отбасылық мал фер- малары. Осы мақсатқа 2,5 миллиард теңге қаржы қарастырылмақ. «Орталық-Батыс» жобасының жүзеге асуы облыстың жол- көлік инфрақұрылымын дамытуға айтарлықтай үлес қосатын болады. Жоба Астана мен Арқалық — Торғай — Ырғыз — Шалқар — Қандыағаш бағыттарын жалғап, Ақтау теңіз портына шығуға жол ашады. Сондай-ақ, Ақтөбе — Орск тас жолы қайта қалпына келтірілетін болады. Бұл жұмыс 2017 жылы бастала- ды деп күтіліп отыр. Ақтөбеде биыл тағы 17 балабақша пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Бұл балабақшамен қамту көрсеткішін 92 пайызға дейін көтереді. Қазіргі күні бұл көрсеткіш — 88 пайыз. Сондай-ақ, апаттық жағдайдағы, пешпен жылытылатын және үш ауысым- да оқып жатқан мектептерді жаңа ғимараттарға көшіру мақсатында да жұмыстар жүргізіледі. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев өз сөзінде әлеуметтік мәселелерді шешу ісіне атсалысып келе жатқан кәсіпкерлерге ризашылығын білдірді. Облыс басшылығы Түркияның «Hemogens Health Care» компаниясымен меморандумға қол қойды. Ке- лісімде көрсетілгендей, аталмыш компания Ақтөбеге жедел жәрдем бекетін салады, сонымен қатар, бі- регей диспетчерлік қызмет құрып, 35 реанимобиль әкеледі.Инвесторлардың басқа да жоспарлары бар: медицина қыз-мет-керлерін оқыту, жедел жәрдем көліктерін құрастыру зауытын салу және дәрі-дәрмек өндірісін қолға алу. Облыс басшысы «Мәңгілік ел» патриоттық актісі мен «Үлкен ел — Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасын (85, 86-қадамдар) іске асыру мақсатында жа- салып жатқан жұмыстарға да кеңірек тоқталды.
Жетпісбай Жанахметов