«100 нақты қадам» Ұлт жоспарының алғашқы 15 қадамы мемлекеттік қызметкерлерді кәсібилендіруге бағытталған

Осы жөнінде ағымдағы жылдың 29-30 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті  Мемлекеттік қызмет басқармасымен ауқымды семинар өткізілді. Семинарға барлық жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілері белсене қатысты.

Қуатты және тәуелсіз мемлекетті құруда мемлекеттік аппараттың кәсіби және тиімді жұмысының маңызы зор, сондықтан да мемлекеттік қызметшілер халыққа мінсіз қызмет ете отырып, өздеріне жүктелген міндеттерді жоғары деңгейде орындауы тиіс – деді өз сөзінде Мемлекеттік қызмет басқармасы басшысы Шолпан Қайненова.

Аталған семинар барысы Мемлекеттік қызметтің жаңа мансаптық моделін мемлекеттік қызметшілерге кеңінен жеткізу мақсатын көздеді.

Ал мақсатқа жету үшін спикерлер  Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің қызметін бағалау әдісі,  конкурстық  іріктеу, меритократия қағидасы бойынша сөз сөйледі. Аталған тақырыптар қатысушыларды қызықтырғандығы қойылған сұрақтардан байқалды.  Конкурстық іріктеу кезіндегі кейбір мәселелер жөнінде қойылған сұрақтарға Департаменттің мамандарымен тиісінше жауаптар берілді.

Қорытындысында айта кету керек, мемлекеттік қызметтің жаңа моделі қазір кәсіби  мемлекеттік аппарат құру жолында  үлкен рөл атқармақ.

                                                                                                       Өз тілішіміз