101 жастағы қария коронавирустан сауығып шықты

Испанияда 101 жастағы кейуана коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қарт ана Астуриядағы ауруханаға наурыздың 15-і күні жеткізілген еді. Содан 2 апта ем-дом алған кейуана қазір вирустан айығып үйіне қайтып отыр. Бұған дейін жұқпалы дерттен 93 жастағы қарт жазылып шыққан.

Айта кетейік, испан елінде қазір індетке шалдыққандардың саны 117 мыңнан асты. 11 мың науқас дерттен көз жұмды. Дәрігерлердің айтуынша, бүгін наурыздың 26-сынан бері алғаш рет вирустан қайтыс болғандардың саны азайған.

«Менің шешемнің дерттен жызылып шығуы өзге науқастарға үміт сыйлайды деп сенемін. Коронавирустан 101 жастағы адам емделсе, сіздердің де аурудан айығып шығатындарыңыз анық. Сондықтан ешнәрсеге қарамай күресу қажет», – дейді науқастың қызы Мари Кармен.

Aikyn.kz