102-ге — 102 жаңа көлік
Жамбылдық полицейлерге су жаңа 102 көліктің кілті табыс етілді. Салтанатты шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков арнайы қатысып, тәртіп сақшыларының жұмысына сәттілік тіледі.
Жалпы ағымдағы жылдың шілде айында 131 автокөлік учаскелік инспекторларға берілген болатын. Ал 2020 жылы әрбір УПИ көлікпен қамтамасыз ету жоспарда қарастырылған. Бұл ең алдымен облыстың шалғай ауылдарындағы криминогендік жағдайды жақсартуға мүмкіндік бермек.