110 МЫҢНАН АСА АҚТӨБЕЛІК COVID-19-ҒА ҚАРСЫ ЕКПЕНІҢ БІРІНШІ КОМПОНЕНТІН АЛДЫ

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин жеткізді.

— Бүгінде облыстағы жағдай тұрақты. Өңір «жасыл» аймақта. Пандемия басталғалы коронавирус инфекциясының 11,6 мың жағдайы тіркеліп, 11,1 мың науқас жазылып шықты. Өкінішке қарай, жыл басынан бері өліммен аяқталған 160 жағдай тіркелді , — деп мәлімдеді.

Өңірдегі аурухана төсектерінің жүктемесі — 37%, оның ішінде реанимациялық төсек-орын — 17%.

Аймақ басшысы халықты вакцинациялау мәселесі ерекше бақылауда екенін айтты. Осы жылдың ақпан айында облысқа СOVID-19-ға қарсы екпенің 265 мыңнан аса мөлшері әкелінген. Бүгінде 110 мыңнан аса адам бірінші, 65 мың адам екінші компонентпен егілген.