Әйелдің отбасындағы міндеттері

1. Күйеуіне  ұнайтын атпен сыпайы түрде шақыру

2. Ері үйге келгенде  жылы жүзді көркем мінезбен қарсы алу.

3. Күйеуінің алдында сұлу бейнеде, ал сыртта көзге түспейтіндей киімде болу.

4. Иіссуды тек ері үшін қолдану.

5. Жарының алдында сәнді шаш үлігісінде болып, сыртқа шыққанда басының жабық болуы.

6. Тісінің әрдайым таза болуы.

7. Күйеуіне толық бойұсынып, оның ұнатқанын жақсы көріп, ұнатпаған нәрсесінен бойын аулақ ұстау.

8. Ер адамның алдында әрдайым кішіпейілдікпен өзін бір саты төмен ұстау.

9. Күйеуі демалатын уақытта балалардың кедергі келтірмеуін қадағалау.

10. Тапқан табысын міндетсінбеу.

11. Күйеуін басқалармен салыстырмау.

12. Тұрмысқа дейінгі жағдайын айта бермеу.

13. Сол үйдің заңына бағыну.

14. Ерінің тауып келгенін үнеммен жұмсау.

15. Ерінің ертіп келген досын құрметтеу. Олар келгенде қабақ шытпау.

Алла Тағалам барша мұсылман қыз-келіншектердің бойынан осы қасиеттердің табылуын нәсіп етсін!

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған