ЭТНО-МӘДЕНИ ОРТАЛЫҚ ЖЕТЕКШІЛЕРІ БАС ҚОСТЫ

Сарысу ауданында отыздан аса ұлт пен ұлыс өкілдері тұрады. Олар ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени дамуы жолында аянбай еңбек етуде.
“Бірлік бар жерде – тірлік бар” – деген дана халқымыз. Аудандағы этно – мәдени орталықтардың өкілдері аудан өміріне, аудандағы қоғамдық – мәдени шараларға белсене араласып, берекелі тірліктің үлгісін көрсетіп келе жатыр.
Аудандағы этно – мәдени орталық жетекшілері бас қосып, 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесіне орай, іс –шаралар жоспарын бірлесе әзірлеп, дайындық жұмыстарын бастады.
Жалпы, ауданда қазақ, славян, неміс, күрді, қырғыз, өзбек және кәріс этно – мәдени орталықтары жұмыс істейді.

Сарысу аудан әкімдігі баспасөз қызметі