«Ы.Алтынсарин: Ұлттық педагогика. Ұлттық код. Әдіснама»
Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының тұңғыш мұғалім-педагогі және қоғам қайраткері.
Ол қазақ сахарасында тұңғыш рет ана тілінде дүние тану мектебін ашып, тұңғыш мұғалімі болды, қазақ тілінде әліппе жазды, алғаш рет ана тілінде оқулық – хрестоматия шығарған.
Ы.Алтынсарин ұлттық педагогиканың негізін қалаған, тамаша педагог, ұлы ағартушы қазақ даласында ғылыми-педагогикалық білімді таратушы және мәдениет ошақтарын орнатушы. Ал «Кел, балалар, оқылық!» — ұлттық код, жастардың оқу гимні.
Ыбырай Алтынсарин әдіснамасы бұл білім және тәбие беру мақсаттары мен өмір талабынан туған. Сонымен қатар, қазақ халқының жалпы мұң- мұқтаждарымен астарласып жатыр. Ыбырайдың педагокикалық мұраты — балаларға «жан – жақты және кең көлемде білім беру»
Биыл ел тарихы үшін аса маңызды бірнеше мерей тойдың басы тоғысып отыр. Бәрін бірдей санамағанның өзінде қастерлі Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы, Ыбырай бабамыздың 180 жылдығы…
Ыбырай бабамыз түпсіз терең, әрі заңғар биік, әрі шексіз кең. «Таза бұлақтай» ешқашан кіршік түспейтін, ағысы үзілмейтін арна…
Шынында да, Ыбырай бабамыз салған сара жолды қаншалықты білеміз… «Дала қоңырауы» атанған ұлы ағартушының ұлттық педагогика саласына жасаған ерен еңбегін қаншалықты бағалай аламыз?
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев: «Мерекелерді атап өтуге басқаша көзқараспен қарайтын кез келді. Даңғаза мен ысырапқа ұмтылмай, әр атаулы күнді тағылымды, мазмұнды, рухани пайдалы дүние алуға тырысайық, құндылықтарымызды түгендеуге, өскелең буынға өнеге көрсетуге арнайық», — деп еді. Ұлтымыздың мақтанышы болған ұлы ұстаздан бүгінгі өскелең буын өнеге алары сөзсіз.
Иә, Алтынсариннің өз халқын оқуға, өнерге үндеуі, надандыққа, зұлымдыққа қарсы шығуы, сол кезде әлеумет өміріндегі теңсіздіктің бетін ашып, өмір шындығын көрсетуі, жастарды жақсылыққа, адамгершілікке тәрбиелеуі оның творчествосының халықтық жағы.Ұлттық педагогикамызға салған сара жолы.
Ыбырай Алтынсарин оқыту процесінде: 1). Білім беру мен тәрбиелеуде мұғалімнің ролін жоғары қойды 2). Оқу — материалдық базасының шешуші маңызын атап көрсетті. 3).Оқулықтарды таңдап ала білуге үлкен мән берді. Тиісті оқулықтарды әуелі өзі оқып шығып , кейін қажет деп тапса, мектепте пайдалануға ұсынып отырды.
Ыбырай барлық уақытта оқу бағдарламаларымен шектеліп қалмай, оларды кеңейте, қолға түскен қосымша материалдармен толықтыра түсуді оқытушылардан талап етіп отырды. Білім беруде кітапхананың орны ерекше бағаланады. Ол «Жақсы білім беру керек, қалай болса солай, оқытуға болмайды», «Оқытатын кітаптар ғылымға негізделу тиіс», -деді.
Ол өзінің бүкіл творчествалық өмірін қазақ халқының рухани даму жолына, оны өнер-білімді, мәдениетті елдердің қатарына қосу мақсатына арнады . «Қазақ халқы азбаған халық, оның талабы біреу салып берген тар шеңбердің қыспағына сыя алмайды: оның ой- пікір еркін , оның келешегі үшін оған тек сана -сезім жағынан жалпы білім мен пайдалы өнерді үйрену керек болып отыр» деп жазды Алтынсарин өзі құрастырып, орыс алфавиті негізінде алғашқы рет қазақ тілінде шығарған «Қазақ хрестоматиясы» оқу құралының алғы сөзінде.
Сонымен қатар, ол мектептер жанынан физика,химия кабинеттерін ашып,оларға дала балаларына алғаш рет барометр,микроскоп,электромагнит,телеграфтың жұмыс істейтін модельдерін,ғажайып шамды,әр түрлі коллекцияларды қойып,көрсеткенде балалар ғаламат таң қалғанын жазады.
Қазақтардың білімге қолын жеткізетін ең басты құрал — мектеп. Ы. Алтынсарин екі түрлі мәселені алдына мақсат етіп қойды: біріншісі — мектеп ашу, бала оқыту – жалпы халық ағарту жұмысы да, екіншісі халықтың ой- санасын жаңалыққа қарай бейімдеу жолындағы тәрбиелік істері. Әсіресе оның келешекке сенімі зор болды.
Ал, «Кел, балалар, оқылық!» — ұлттық код, жастардың оқу гимніне айналды емес пе?! Жүгірген баладан,есейген қартқа дейін жаттап,өскен ұрпағымыздың ұранына айналғаны қашан…
Ыбырайдың ұран салып, ту етіп көтергені, әрқашан жаңарып, түрленіп, құлпырып, оқыған сайын сүйсіндіріп отыратын, ескірмейтін еңбегі:
«Кел,балалар,оқылық»,Өнер-білім бар жұрттар», «Әй,достарым», «Әй, жігіттер» деген өлеңдері.
Кітаптың беташары оқуға шақырудан басталып,оның әлеуметтік мәнін түсіндіру болса, сонымен қатар негізгі тақырыбының бірі — еңбек.
Ыбырай қазақ жастарын оқуға үндеумен қатар адамгершілікке, махаббат, достыққа, еңбекке, жігерлікке, тапқырлыққа , халқын сүюшілікке адам деген ардақты есімді ақтай алатын кісі болып шығуға үндеді. Мысалы, «Мынау ағаш неліктен қисық біткен?» — деп сұрады баласы. «Ата-ананың тілін алсаң ана ағаштай сен де түзу кісі болып өсерсің. Мынау ағаш бағусыз өз қалпымен өскен»,-деді атасы. Бұл әңгіменің оқушылар үшін де,оқытушылар үшін де үлкен тәрбиелік мәні бар. Қазіргі мектеп балаларын тәрбиелеу үшін де үлгі бола алады.
Өзін қоршаған қараңғылық, надандықтарды шеней келіп:
«Біз надан боп өсірдік,
Иектегі сақалды,
«Өнер жігіт көркі»-деп,
Есекрмедік мақалды.
Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сіздерге бердім батамды» -дейді,ақын.
Аңсаған арамандарын өзі орындай алмаса, болашақ жастар орындайды деп білді . Елді қараңғыдан жарыққа шығаратын жастар , тек қана жастар деген қортындыға келді.
«Қазақ хрестоматиясы» тек өз кезі ғана емес, қазірдің өзінде де мәні зор еңбек. Әрі методология, әрі методика жағынан жастарға дұрыс тәрбие беруге лайықталынып құрастырылғанын көреміз.
« Өрмекші, құмырсқа, қарлығаш» әңгімесінде, ең кішкентай жәндіктердің де
өмір , тіршілік үшін тыным таппай еңбек етіп жүретінін көрсете келе , оларды балаларға үлгі етеді. Қарлығаш, өрмекші ғұрлы жоқпысың сен де еңбек ет, босқа жатпа» деген ой тастайды.
Ыбырай Алтынсарин қазақ фольклорын тәрбие мақсатына аса шебер пайдалана білген. Мақал-мәтелдер,мысалдар – тәрбие құралы болды.
«Атымтай жомарт» әңгімесінде еңбекті дәріптейді. Махаббат, мейірімділік туралы, әсіресе, «Мейрбанды бала», «Шеше мен бала», « Аурудан – Аяған күштірек» деген үш әңгімесін алуға болады. Махаббат, мейірімділік ата мен ананың үй ішіне деген махаббатынан басталады. Адамгершілікті ту ғып көтерген ұлы адамдар да алдымен өз атасын, өз туғандарын сүйеді: олардың кейбіреулері өсе келе, тек «атасының баласы болмай, адам баласы бола біледі. Тек өзім ғана болсын деген мещандық көз қарасты аттап өтіп, адам деген ардақты атқа ие болушылардың шын бақыты үшін қол созады.
Қазақ халқы өзінің ардақты ұлын, өз халқының жарқын болашағы үшін алып жүреген намыс жалынына тосқан данышпан Ыбырайын зор мақтанышпен еске алады.
Оның асыл сөздері, мейірбанды сезімі, ел жүрегін оятқан өсиеті, біздің жаңа өмір жасаудағы күресімізге күнбе- күн көмектесіп отырады . Ыбырайдың асыл мұрасы халық қазынасының қорынан мәңгілік орын алады. Біздің ше, ұлы адамның есімін атап өту — оны мадақтап марапаттау емес оның ісін ілгері жылжыту .