12-14 қазандағы ауа-райына арналған болжам
«Қазгидромет» РМК 12-14 қазан аралығына арналған ауа-райы болжамын жария етті. Дереккөз: Kazhydromet.kz
Синоптиктердің болжауынша еліміздің шығысында ауа райы жылына бастайды.
«Қазақстанда тұрақталған жылы ауа-райы Жерорта теңізі аймағынан түскен әуе қысымымен байланысты. Жақын екі тәулікте жылу республиканың шығыс облыстарына таралуын жалғастырады», делінген хабарламада.
Дегенмен республиканың батыс өңірінде күн салқындайды. Қазақстанның батысына Ресейдің Еуропалық бөлігінің орталық аймағынан дымқыл және салқын ауа түсуін бастайды. Сондықтан республиканың қалған территориясына қарағанда, бұл жерде температура төмендейді және кей жерлерде жаңбыр өтеді.