Бәрекелді, қоныс құтты болсын..!

Ақтаудың 120 тұрғынына пәтер кілті табысталды. Баспаналы болғандар қатарында соғыс ардагерлері, облыстық орталықтың тұрғындары, тұрғын үй алуға кезекте тұрған әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтар мен білім және денсаулық сақтау саласының қызметкерлері бар. 32 «а» шағын ауданында орналасқан үйдің 24-і ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға берілді. Бүгінгі таңда Ақтау қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 5 мыңнан астам адам тұр, оның ішінде 2 мыңнан астамын әлеуметтік жағынан осал топтарға жататын азаматтар құрайды. Салтанатты шарада Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев үйлі болғандарды құттықтап, пәтер кілтін табыстады.

— Дағдарысқа қарамастан, облыстағы тұрғын үй құрылыстары қарқынды жүріп жатыр. 2016 жылдың 1-жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының көлемі 61,6 млрд. теңгені құрады.

Жалпы ауданы 400,9 мың шаршы метр болатын тұрғын үй пайдалануға берілді, ол өткен жылмен салыстырғанда 46,8%-ға артық. 3 бес қабатты 120 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысына1 812 млн. теңге бөлінді. Қалған екі үй осы жылдың соңына дейін пайдалануға берілетін болады. Жыл басынан бері Ақтау қаласында 466 үлескердің қатысуымен 6 үлескерлік құрылыс нысаны болды. Қазіргі уақытта 4 тұрғын үй қалып, оның ішінде мемлекеттің қолдауымен 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталды, — деп хабарлады Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев.

«Өңірлерді дамыту — 2020» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың аясында жергілікті бюджет есебінен 3 бес қабатты 120 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүргізілді. Бір пәтердің жалпы көлемі — 53-55 шаршы метр. Жалдамалы тұрғын үйдің 1 шаршы метрі 78 теңге 33 тиынды құрайды. Жалпы сомасы жалдамалы тұрғын үйдің ақысы ретінде «Тұрғын үй жинақ банкі» АҚ мен «Қазақстан ипотекалық компаниясы» қаржы институттарының қатысуынсыз тікелей бюджетке түседі.

Айта кетсек, 2009-2013 жылдары кезекте тұрған тұлғаларға 600-ге тарта пәтер берілсе, онда соңғы екі жыл ішінде «Тұрғынүйқұрылысжинақ Банкі» салымшыларына 830 пәтер берілді. Осы жылдың соңына дейін 360 пәтер пайдалануға беріледі. Атап айтқанда, пәтер беру қарқыны 2016 жылы бірнеше еселенді. «КИК» АҚ бойынша 216 пәтер, «Тұрғынүйқұрылысжинақ Банкі» арқылы 867 пәтер берілді. «Бәйтерек деволопмент» АҚ желісі бойынша халықтың барлық санаттары үшін тұрғын үй салу аясында «Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында 4 нысанның құрылысын бастау жоспарланып, осы жылға 2 624 млн. теңге қарастырылды. Бұл көрсеткіштер бойынша Маңғыстау облысы Республикамызда Астана, Алматыдан кейінгі орынға шықты.

Айман Нұрмағанбетова

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған