Ардагерлер ұйымының 30 жылдығы тойланды (Фото)

«Үй алдында төбе болса – ерттеп қойған атпен тең, ауылыңда қария болса – жазып қойған хатпен тең» деген халық даналығында керемет сөз бар. Ақсақалды қарттар мен ақжаулықты аналарға қашан да төрден орын берген қазақ халқының бүгінгі ұрпағы да үлкендерге иек артпай қадам жасамақ емес. Ел дамуында да кешегі жалындап тұрған жастар, бүгінгі ардагерлердің үлесі ауқымды. Ал, республикадағы барлық ақсақал жасындағы зейнеткерлердің басын біріктіріп, бірқатар іс-шаралардың басынан табылып жүрген Ардагерлер ұйымының жөні бөлек. 1987 жылдың 21 наурызында құрылған бірлестік құрамында бүгінгі таңда 1 млн 845 мың соғыс және еңбек (тыл) ардагері барын айта кетейік.

SAMSUNG CSC

Бүгін аталмыш бірлестіктің 30 жылдық мерейтойы ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи музейінде атап өтілді. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қарияларды ҚР Мемлекеттік Хатшысы Гүлшара Әбдіхалықова, Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев, «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова және «Жас Отан» жастар қанатының белсенділері құттықтап, ерекше ілтипат білдірді. Өз кезегінде Г.Наушақызы бірқатар ардагерлерді Елбасы Н.Назарбаевтың арнайы алғыс хатымен марапаттады. Салтанатты шара жөнінде алдағы уақытта толығырақ мәлімет беретін боламыз. Ал, әзірге назарларыңызға ардагерлерге құрмет көрсетілген кештен фоторепортаж ұсынамыз.

 

SAMSUNG CSC

SAMSUNG CSC

SAMSUNG CSC

SAMSUNG CSC

SAMSUNG CSC

SAMSUNG CSC

SAMSUNG CSC

Дайындаған ЕРМҰРАТ НАЗАРҰЛЫ

 

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған