Мерекелеріңіз құтты болсын, әріптестер!

Құрметті əріптестер! 28 маусым – Ақпарат және байланыс қызметкерлерінің күні. 2011 жылы Елбасының өзі бейресми IV Билік өкілдерінің кәсіби мерекесін осы күні атап өті туралы Жарлыққа қол қойған болатын. Журналист деген кім? Қалтай Мұхамеджановша айтсақ, «Журналист это – қара нар. Но мизерный гонорар». Замандасының, қаламдас ағасының бұл сөзін Шерхан Мұртаза «Журналистің жегені жантақ болса да, арқалағаны – алтын» деп жалғастырады. Байырғының журналисі мен бүгінгінің тілшілерін салыстырып отырудың қажеті шамалы. Қандай заман туса да, журналист қоғамның барометрі болып қала бермек. Бетімен кеткен билікті жөнге салатын да, шарқ ұрған қараша халықтың мұңына ортақ болатын да – журналистер қауымы. Әрине, қоғам болғаннан кейін журналистердің де түр-түрі бар. Бірі жаман екен деп, бәріне баға беріп жіберуге тағы болмайды. Бастысы, халықтың санасы оянып келеді, елден бұрын көкжиектен шыққан күнді көретін журналистердің де ішінде жыл өткен сайын қарыштап дамып келе жатқандары, яғни, білімі мен тәжірибесі толысып, мінезі келісіп тұрғандары жетерлік. Ендеше, баршасының жолы ашық әрі түзу болсын деп тілейік Журналист болу – елдік мұратқа бекем болу, ұлттық мүддеге қалқан болу дегенді білдірсе керек – ті. Осы жолда жанқиярлықпен, көнбістікпен, өлермендікпен қазақ журналистикасының туын жақпай, қасқайып төске шапқан сендерге бүгінгі мерекеде айтылар тілек көп. Əлемді шарпып жатқан қиындықта, қаржылық жетімсіздікте өкінішке орай, қазақ журналистерінің үстінен жауар бұлттай төніп тұр. Осының бəріне мойымай, жасымай, керісінше, ел менікі, жер менікі деген ынтық сеніммен, арайлап атқан əр таңға үмітпен қарап жүрген сендерге қызыға қараймын. Алла жолдарыңды оңғарсын! Тəуелсіздіктің қадіріне жеткен, сөйте тұра тілдің мұңын шерткен, баспананың зарын шеккен қазақ журналисттері екені жанға батады. Бірақ мұның бəрі өткінші деп ойлаймын.
Құрметті əріптестер! Жалған дүние өтер – кетер, бізбен-сіздің өлара шақта жазған дүниелерімізді келешек ұрпақ сараптар, парақтар. Сонда айтылар əділ сөз! Сонда бағаланар есіл еңбек! Бұл жерде мынаны есте ұстаған абзал: туған топырақтың гүлденуіне жұмсалған ой еңбегіне қарымта күту – дүмбілез таным. Сондықтан ұлы отанның іргелі ісіне тамызық болып, оның ілгерленуіне баспасөз арқылы үн қосу міндетіміз. Маңдай тердің ақталуы, ақталмауы биліктің құзырында. Өзім деген баланы өзегіне тепкен мемлекет көктемесі тағы анық. Онда алаш арысы Міржақып айтқан : Қай елдің баспасөзі мықты, сол ел əлемге басшы!
Құрметті əріптестер!Біз де өз кезегімізде журналистика саласында тер төгіп жүрген, бір қазанда бірге қайнап жүрген әріптестерді кәсіби мерекемен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, халық үшін жасаған еңбектеріңізге Алла Тағала береке берсін! Журналисттер күні құтты болсын! Жарқын күндер көп болсын!

Ізгі ниетпен, «ЕлАна» әлеуметтік, қоғамдық-танымдық сайты

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған