ОҚО-ның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде өсім бар

Жыл басынан бері Оңтүстік Қазақстан облысының негізгі әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінде өсім байқалып келеді.

14008489-a35b-4f4a-af29-f28c80c47ad7

Атап айтқанда, индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында іске қосылған жобалардың 94 %-ы жоспарлық қуаттылықты игеріп, 101 млрд. теңгенің өнімін өндірген. Нәтижесінде, оның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 21 %-ға өсті.

Мұнан бөлек, өңірде жаңа өнім түрлерін өндіретін жаңа өндірістік нысандар іске қосылды. Облысымызға импортталатын өнімдер – су насостары, керомограниттік плиталар, кілемдер, МДФ тақтайлар және өзге де тауарлар өңірімізде шығарылса, цемент, мотор майы, кілем, мата, дәрі-дәрмек, трансформаторларды экспорттау қолға алынды. Облысқа 79,4 млрд. теңге инвестиция бағытталып, 2016 жылдың тиісті кезеңінен 2 есе артып отыр.0913b9d5-cefa-4941-a988-1b597753195c

Индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында биыл 37 млрд.теңгеге 17 жобаны іске қосып, нәтижесінде, 900-ден астам жұмыс орнын құру жоспарлануда. Облыс өнеркәсібі өнімінің көлемін 850 млрд. теңгеге жеткізу, яғни, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемін 900 млрд. теңгеге дейін ұлғайту көзделуде.a18c3f1f-f79c-4420-9b7a-ff8b456a685f

Ауыл шаруашылығын экономиканың жаңа драйверіне айналдыру жұмыстары қарқынды жүруде. Мәселен, осы жылы егістік көлемі 792,5 мың га жеткізіліп, интенсивті бау аумағы ағымдағы жылы 1 500  га ұлғайтылады. Сонымен бірге, 300 га жерге жаңғақ, 200 га бадам бауларын отырғызу жоспарлануда. Жылыжайлар алаңы 1 323 га құраса, 3 013 бірлік шағын мал бордақылау алаңдары, 722 бірлік жанұялық сүт фермалар, 14 бірлік шағын құс фермалары, 4 бірлік балық шаруашылықтары ашылады деген болжам бар.jfkfngcd

         Шымкент қаласын үшінші ірі мегаполиске айналдыру жұмыстарының барысы да айтарлықтай. Бүгінгі таңда шаһарда 19 көпқабатты үйдің, 1 200 орынды мектептің және басқа да нысандардың құрылысы жүргізіліп жатыр.2970a4c3-19d0-4440-b873-6071c1ed4833

         «Shymkent City» жобасы басталып, онда инженерлік-коммуникациялық жүйелер мен жолдардың, 10 көпқабатты тұрғын үйдің,  49 га саябақтың құрылысы жүргізілуде. Сонымен қатар, Шымкентті жасыл қала мәртебесіне айналдыру мақсатында «Шатқалдар» жобасы бойынша 141 га аумақ анықталып, 5 қоғамдық демалыс орындары ашылмақ. Ал тұрғын үй құрылысын дамыту мақсатында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 700 мың шаршы метрді құрайтын 8 052 пәтер пайдалануға беріледі.mkpoklok

Салық түсіміне келсек, 2017 жылдың 3 айында мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа түсімдердің көлемі  72,3 млрд. теңгені құрап, жоспардан 12,4%, өткен жылдың тиісті кезеңінен 12,3% артты. Жергілікті бюджетке 27,4 млрд. теңге түсіп, жоспардан 14,4% және өткен жылдың тиісті кезеңінен 7,3% артты.

Жұмыссыздық деңгейін төмендету, кәсіпкерлікті қолдау мақсатында 21 192 адамға әлеуметтік қолдау шаралары көрсетіліп, жалпы 3 330 жұмыс орны құрылды. Кәсіпкерлікті дамытуға ұсынылатын шағын несие көлемі 2 есеге көбейді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған