Жәннатта үйім болсын десеңіз…

Пайғамбарымыз Мұхаммед ған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) әлемдерге рахмет етуші және өзіне сенген мұсылмандарды екі дүние бақытына жетелейтін жолбастаушы. Әрі, Пайғамбарымызған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) жайында Қасиетті Құран Кәрімнің «Нәжім» сүресінің 4-аятында: «Ол өз ойынан сөйлемейді. Бұл тек көкейіне салынған уахи ғана», – деп Алланың ескертуінен кейін, Пайғамбарымыздың сөзінің маңызы мен мәнін терең түсіну біз, мұсылмандар үшін аса маңызды.

Осындай сөзден кейін Пайғамбарымыздыңған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)бір хадисін сіздермен бөлісуді жөн көрдім.
Алланың Расулі Мұхаммедған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  бір хадисінде былай деп бұйырады: «Кім түнде және күндіз он екі рәкағат сүннет намазын күнделікті жалғастырса, Алла Тағалла жәннатта ол адам үшін бір үй тұрғызады».
Әбу Ханифа мәзһабының ғұламасы Әл-Маусилидің Әл-Ихтиар кітабында, ол сүннет намаздары туралы былай жазады:

«Таң намазының алдындағы екі рәкағат сүннеті, бесін намазынан алдыңғы төрт рәкағаты және соңғы екі рәкағат сүннеті, ақшам намазының соңғы екі рәкағат сүннеті мен құптан намазының соңғы екі рәкағат сүннеті».
Бір мұсылманның күнделікті оқуы керек болған, бес уақыт намаздың сүннеттерінің барлығы он екі рәкағат болады екен. Пейіште қонақтайтын үйіңіздің осы бастан кірпішін қалау сіздің қолыңызда. Алла баршамызға жәннаттағы үйге кіргізуді нәсіп етсін. Әмин!

Исатай Бердалиев

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған