«Қазақстан – достықтың киелі бесігі»
Жамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында әртүрлі этнос жастарының білім деңгейі мен зияткерлік ойлау қабілетін және достық қарым-қатынасын арттыру мақсатында «Қазақстан – достықтың киелі бесігі» тақырыбында «Ой шебері» инттелектуалдық ойыны ұйымдастырылды.
Ойынға өзбек, әзірбайжан, түрік, қарашай, кәріс, орыс, украин, қырғыз, қазақ және т.б. ұлт өкілдерінен құралған командалар қатысты.
Атаулы шараның жалпы жүлде қоры 225 000 теңгені құрады.
Ойында жалпы облыс бойынша 9 команда бақ сынап, қатысушы командалар алғыс хатпен марапатталды.
Ойын барысында жоғары ұпай жинаған 3 команда жүлделі үш орынды иеленді:
1-орын 100 000 теңге — «International» тобы;
2-орын 75000 теңге — «КНБ» тобы;
3-орын 50000 теңге — «Темір тұлпар» тобы.
Жомарт ЗҰЛПЫХАР, Жамбыл облысы әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы.