129,5 миллион теңгесі бюджет кірісіне өндірілді
Сонымен 207-бап бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын бұзғаны үшін 10-нан 100 АЕК-ке дейін (айлық есептік көрсеткіш), қайталанған жағдайда 200 АЕК;
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзғаны үшін 238, 239-баптар бойынша жеке тұлғалар, лауазымды тұлғалар, заңды тұлғаларға 50, 100 АЕК мөлшерінде, қайталанған жағдайда 200 АЕК және 1000 АЕК дейін айыппұл салуға әкеп соғады.
– 250-бап бойынша міндетті аудит жүргізуден жалтарғаны үшін шағын 15 АЕК, орта – 20 АЕК, ірі – 200 АЕК айыппұл салуға әкеп соғады;
– 267-бап бойынша мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ақшалай міндеттемелерді қабылдау бойынша мемлекеттік мекеменің және жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның (қазыналық кәсіпорынның) лауазымды тұлғаларының заңсыз әрекеттері үшін 50 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады;
Айта кету керек, жоғарыда аталған құқықбұзушылықтар Кодекстің 810, 811-бабына сәйкес, қысқартылған тәртіпке қаралуы мүмкін.
Бұл норма 7 (жеті) тәулік ішінде айыппұл сомасын аталған санкциясының 50% (елу пайызы) мөлшерінде айыппұл төлеу құқығын белгілейді. Онда хаттаманы толтырған уәкілетті тұлға, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттаманың көшірмесін белгіленген үлгідегі квитанциямен тапсырады.
Мұндай құқық пайдаланылмаған немесе тиісінше пайдаланылмаған жағдайда Әкімшілік құқықбұзушылық іс жүргізу жалпы тәртіппен жүзеге асырылады, яғни Департаментпен Кодексте көрсетілген айыппұлдың толық сомасына қаулы шығарылады.
Департаментпен Кодекстің 462-бабының 3-бөлігі бойынша хаттама толтырып, ведомствалық бағыныстылығы бойынша қарау үшін әкімшілік істер сотқа жіберіледі, онда заңды талаптарды немесе нұсқамаларды орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін лауазымды тұлғаларға 15 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады.
2021 жылдың есептік кезеңінде Департаментпен 1220 әкімшілік материал қаралып хаттамалар толтырылды (оның ішінде прокуратура органдарының ұсыныстары, тексеру комиссияларының және ішкі аудит қызметтерінің материалдары бойынша), оның 106 материал сотқа берілді.
1114 қаралған әкімшілік материал бойынша Департаментпен 136,8 млн. теңгеге айыппұл салынып, оның 129,5 млн. теңгесі бюджет кірісіне өндірілді.
Өтелмеген сомалар бойынша әкімшілік материалдар мәжбүрлеп орындау үшін жеке сот органдарына жіберілді.
Жамбыл облысы бойынша
ішкі мемлекеттік аудит департаменті.