14 қазаннан бастап толыққанды жылу берілді
Жылыту маусымының басталуына орай жауапты сала мамандарымен бірге Жаңатас қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды араладық.
Абылайхан, Д.Қонаев орта мектептері мен орталық аурухана, жұқпалы аурулар ауруханасы, спорт кешенінің жылу жүйелерін тексеріп, көпқабатты тұрғын үйлерге берілген жылудың сапасын байқадым.
Сонымен бірге, орталық қазандыққа арнайы барып, сала мамандарына жылу беруге толық дайын болуларын, кемшіліктерге орын бермеулерін, жылыту маусымы кедергісіз өтіп, әлеуметтік нысандар мен үйлердің жеткілікті деңгейде жылы болуы тиіс екенін айттым.
Аудандық қазандық арқылы Жаңатас қаласындағы 97 көпқабатты үй, 72 жеке сектордағы тұрғын үй, 313 шаруашылық субъектілер, 18 әлеуметтік нысан, 27 кәсіпорын жылытылады.
Жылыту маусымы басталғаннан бастап, тұрғындар арасында коммуналдық қарыздар көбейіп, өтеу мәселесінде қиындық туады, осыған орай, қалалық әкімшілік, ішкі саясат бөлімдеріне түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырдым.
Ауданда 14 қазаннан бастап толыққанды жылу берілді.
Сакен Мамытов, Сарысу ауданының әкімі