154 жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған
мәселелердің бірі. Сол себепті, ҚАЖ мекемелеріндегі сотты болғандардың «екі қолына бір күрек» тауып беру қарқынды жүргізілуде.
Мәселен, өңірлік Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №26 түзеу мекемесіндегі сотталғандардың 75 пайызы еңбекпен қамтылған. Нақтылай түссек, мұндағы 204 адамның 154-і жұмыс істеуге қабілетті.
Жабық мекемедегі жазасын өтеуші азаматтар түрлі жеке кәсіпкерліктер мен өндіріс орындарындағы ақылы жұмыстарға орналастырылған. Айталық, «Компания Самұрық» ЖШС-да – 49, «Вилла-стройда» — 29, «Запчасть» АҚ-да – 13 және «Ержан» жеке кәсіпкерлігінде – 18, «ОРЦ Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде – 4 сотталған азамат қызмет етеді.
Атап өтерлігі, жазасын өтеушілердің басым бөлігі халыққа күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарды өндірумен айналысады.