Асқар Мырзахметов: «Елде әзірге экотуризм жоқтың қасы»

ҚР ВИЦЕ-ПРЕМЬЕРІ А.И.МЫРЗАБЕКОВТЫҢ ЭКОТУРИЗМ  ТУРАСЫНДАҒЫ ОТЫРЫСЫ ТУРАЛЫ

 Ж А Р И Я С Ө З

ҚР Вице-премьері Асқар Мырзахметов елдегі экотуризмнің дамуы турасында отырыс жасады. Оған Ауылшаруашылық министрлігіне қарасты Орман және аң шаруашылығы комитетінің өкілдерімен қатар Мәдениет және спорт министрлігінен вице-министр Асқар Баталов, «Байтақ Болашақ» экологиялық альясының белсенділері қатысты. А.Мырзахметовтың айтуына қарағанда, отырыс форматы ауқымды әрі көпшілікті қамтитындай селекторлық кеңес түрінде ойластырылған екен, алайда ұйымдастырушылар ол жағын қамти алмағаны байқалды.

Отырыс барысында берілген ақпаратқа қарасақ, елімізде 12 ұлттық саябақ бар екен, соларға сәйкес экотуризм дамытуға барлығы 411 жербөлік/участок бөлініп, қарастырылған. Оның 281-і турфирмаларға берілген де, ал 130-ы тартымсыздығынан әзірге ешкімді қызықтырмаған сыңайы бар. Алайда, вице-премьер жұртшылықтың мұншама жербөліктердің бөлінгенін жұртшылықтың білетініне күмән келтірді және бұл турасындағы ақпарат халыққа жетпейтінін, ақпарат жұрт көзінен жасырылатынын айтып өтті.  Оған шенділер министрлік сайтында да, ұлттық саябақ сайттарында да бәрі тұрғандығын айтып ақталғанымен, ақпарат негізінен қауымдастықтар арқылы таралатыны мәлім болды. Қазақстанда 3500 турагенттік пен 40-қа жуық қауымдастық бар екен. Алайда, вице-премьердің айтуынша экотуризм әзір жоқтың қасы.

Қатысушылар өз кезегінде түрлі ұсыныстар бергенмен, А.Мырзабеков экотуризмді дамытуға керек жүйенің жоқтығын айтып салды. Экоальянс тарапынан сөз алған Астана қалалық филиалының директоры Қанат Елеусізов ең болмаса экотуристік аумақтарға табиғи өнбелі қуат көздерін (ТӨК/ВИЭ) орнатуды қолға алуды ұсынды. Отырысты қорытқан вице-премьер мына жайттарға назар аударды:

  • экотуризм туралы ақпаратты жұртқа барынша кеңінен тарату мәселесі;
  • биылғы жылға арналған қадамдата көрсетілген шаралар құжатын әзірлеу;
  • әрбір жербөліктер бойынша мемлекеттің міндеті мен бизнесқұрылым мүмкіндігі ескерілген жобалар әзірлеу;
  • тендерлік құжат мейлінше қарапайым әрі көпшілікке барынша тартымды боларлықтай болуы.

Мәдениет және спорт вице-министрі А.Баталов құжат әзірлеуге 1 ай мерзім сұрады.  Вице-премьер келесі отырыс барынша халыққа көрнекті болуын ескертті.

Астана                                                                                                

   13.06.2017