Қазақстан мен Түркияның бiрлескен сауда-өнеркәсiп палатасы құрылды
Бүгiн Түркi тiлдес елдердiң Iскерлiк Кеңесiнiң бесiншi отырысында Қазақстан мен Түркия арасында бiрлескен сауда-өнеркәсiп палатасын құру туралы меморандумға қол қойылды. Палата Қазақстаннан Түркияға бұрынғыдай шикiзат емес, дайын өнiмдердi экспорттауға мүмкiндiк бермек.
Оның айтуынша, екi ел арасындағы тауар айналымы жыл сайын нығайып келе жатыр. Қазiргi таңда Қазақстаннан Түркияға экспорт басымырақ, Түркиядан тауар азырақ импортталады.
«Дегенмен, елiмiзден Түркияға негiзiнен шикiзат экспортталып жатыр. Сондықтан, осы палата аясында шикiзатты емес, дайын өнiмдер мен тауарларды жiберу керек. Палата алдағы уақытта осы салада жұмыс атқаратын болады», — дедi Н.Әлтаев.